Fake News

Фейк: «ПТР тестілерінде ағзада кристал құрылымдар түзетін гель табылды»

Қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары ПТР-талдауына биоматериал алуға арналған стиктерден табылған гидрогель туралы тағы да айта бастады. Бұл зат ағзада магнит өрістерінің көмегімен басқаруға болатын кристал құрылымдар түзе алады. Бұл жалған.

Гидрогель – сіңіргіш полимер. Ол памперстерді, тығыздағыштарды және сіңіргіш жаялықтарды толтырғыш ретінде қолданылады. Бақша өсімдіктерін өсіру үшін гидрогельден нәрлендіретін маскалар, контактілі линзалар және толтырғыштар жасалады.

Ол ПТР-талдауы жиынтықтарында болмайды. АҚШҚ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ұсыныстарына сәйкес, талдау алуға арналған стиктердің ұшы нейлоннан, көбіктен, химиялық целлюлозадан немесе флоктан жасалуы мүмкін. Стик негіздері пластиктен немесе металдан жасалуы мүмкін. Биоматериал алуға арналған мақта ұштар мен ағаш негіздер жарамсыз деп саналады. ПТР тестіне арналған жиынтықтардың құрамына гидрогель немесе жоғарыда айтылғандардан басқа компоненттер кіретіні туралы ресми органдардың ұсыныстарында да, биоматериал алатын әртүрлі стиктердің тиімділігіне арналған ғылыми зерттеулерде де айтылмайды.

Қастандық теорияларын жақтаушылардың пікірінше, гидрогельді жасаған DARPA қорғаныс саласындағы перспективалық зерттеу жобалары агенттігі іс жүзінде ПТР тест жиынтықтарын әзірлеумен айналыспаған. Агенттік COVID-19-ға қарсы бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, бірақ олардың қатарында биоматериал алуға арналған жиынтықтарға  жасырын түрде гидрогель қосу жобасы жоқ.

ПТР-тестілер жиынтықтары мен вакциналардағы гидрогель туралы теория бұрыннан бар. Бұған дейін қастандық теориясын жақтаушылар оны талқылаған болатын. Олардың айтуынша, зат адам ағзасына енгеннен кейін оны 5G сигналдары арқылы басқаруға болады.

Фейк: «ПТР талдауға арналған жиынтықтарда 5G сигналын қабылдап, миды бақылайтын гидрогель бар»

Гидрогельді магнит өрістерімен басқару да мүмкін емес. Гидрогельде металл компоненттері болмайды, сәйкесінше оның магниттік қасиеттері жоқ.

Демек, ПТР-тест жиынтықтарында гидрогель тұжырым фейк. Зерттеуде заттың стик талшықтарынан табылғанына ешқандай дәлел жоқ, ал «гидрогельдің» фотосуреті іс жүзінде өт кристаллограммасы болып табылады және ПТР-ға да, гидрогельге де қатысты емес. Магнит өрістерінің көмегімен гидрогельді басқару теориялары ғылымға қарсы және физика заңдарына қайшы келетінін атап өткеніміз жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button