Еңбекмині қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем туралы ақпарат тарады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.
«Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуін сұраймыз.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратыладытаратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз», — делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салады.