Fake News

Фейк: «Пандемияны адамдарды жалпы нейрожеліге қосу үшін ойлап тапты»

Қазақстандықтар Тelegram мессенджерінде пандемияның құпия мәнін «ашатын» видеомен бөлісуде. Роликтің мағынасы пандемия жоқ, ал карантиндік шектеулер тек толық цифрландыруды енгізу және планетадағы барлық адамдарды Нейронетке қосу үшін керек дегенге саяды. Бұл үшін гаджеттер емес, тек адам миы ғана қажет екен. Мұның барлығы жалған.


COVID-19 пандемиясы ойдан шығарылғаны және аурудан болатын өлім-жітім өткен жылдардағы орташа деңгейден аспайды деген танымал қастандық теориясын біз бұған дейін жоққа шығарған болатынбыз.

«COVID-19 өлім-жітім көрсеткіші өте төмен, локдаун жариялағаннан гөрі ұжымдық иммунитет қалыптастырған дұрыс» – фейк

Бір қызығы, қастандық теориясын жақтаушылары бұл теорияда өз-өздеріне қарсы шығады. Олар COVID-19 ауруы да, оны тудыратын SARS-CoV-2 вирусы да жоқ деп мәлімдейді. Мұнымен қоса, патоген бар, бірақ ол зертханада қолдан жасалған дейді.
Бүгінгі таңда адамдарды нейронетке қосу тек ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғана мүмкін. Нейронет дүниежүзілік желіні дамытудың болжамды нұсқаларының бірі болып саналады. Оған қосылу үшін адамдар өз миын және ондағы нейрондық сигналдарды қолданады. Алайда, қазір мұндай технологиялар жоқ және олар алдағы жылдары пайда болады және қолданысқа енгізілді деуге негіз жоқ.

Тиісінше, шын мәнінде жоқ ғаламдық желіге қосылу үшін карантиндік шектеулерді қолдану мағынасыз. Видеода айтылған Интернет пен Нейронет арасындағы өтпелі кезең мектептердегі қашықтан оқытудың іс жүзінде қастандық теориясына ешқандай қатысы жоқ. Оқытудың бұл форматы карантиндік шектеулер кезеңінде қажет болды, өйткені ол оқушыларға COVID-19 жұқтыру қаупін болдырмай, білім алуға мүмкіндік берді. Карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін қазақстандық мектеп оқушылары дәстүрлі оқыту формасына қайта оралады. 
Демек, пандемиямен күресу аясында адамдарды нейронетке қосу туралы теорияның дәлелі жоқ және бұл фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button