Алаяқтар Қазақстан ҰҚК атынан әрекет етуде
Әлеуметтік желілерде жалған брокерлер ұрлаған ақшаны қайтару туралы жарнама көбейді. Бұл жолы киберқылмыскерлер Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті атынан әрекет етуде. Олар ақшаны тікелей биржадан қайтарады екен, бұл фейк.
Алаяқтардың іс-қимылы өзгермеген. Олар сенімдірек болу үшін танымал адамдардың немесе мемлекеттік құрылымдардың атын жамылады. Тегін кеңес беру мен мәселелерді тез шешу туралы уәделер – бұл ақшаңызды иемденудің амалы.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқ брокерлерден зардап шеккендерге ақшаны қайтарып бере ме, жоқ па деген ақпаратты оңай тексеруге болады. Ведомствоның ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ.
Абай болыңыз және жеке деректеріңізді бермес бұрын барлық ақпаратты мұқият тексеріңіз. Алаяқтар сізді алдап, қаржылық ақпаратқа қол жеткізу үшін жалған сайттарды жиі пайдаланады.
Бұған дейін осындай схемада алаяқтар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің суретін пайдаланған болатын.
Баршаңызды тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтардың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfakechatkz Telegram-арнасына жіберіңіз.