Детокс және вакцинадан тазару – өтірік және манипуляция
Вакцинацияға қарсы адамдар желіде «Детокс және мРНҚ тазарту хаттамасы» таратылуда. COVID-19-ға қарсы егілген адамдарға «тікенекті ақуыздан бөлінетін қорғау» үшін бірқатар түрлі заттарды қабылдау ұсынылады. Хабарламада жалған және ғылымға қарсы мәлімдемелер бар, ал қабылдауға ұсынылған өсімдіктердің ішінде улы өсімдіктер бар. StopFake.kz медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляевпен бірге таратылым мазмұнын талдады.
«Тек 10 платформа және мРНҚ түрі ғана геномға енеді, сондықтан детокс кейінге қалдыруы немесе жағдайды жеңілдетуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Сонымен, геном дегеніміз не?
Геном – ағза жасушасында орналасқан тұқым қуалайтын материал жиынтығы. Геномда ағзаның құрылуына және қолдау үшін қажетті биологиялық ақпарат бар. Көптеген геномдар, соның ішінде адам геномы және барлық басқа жасушалық тіршілік формаларының геномдары ДНҚ-дан тұрады, бірақ кейбір вирустарда РНҚ геномдары болады.
мРНҚ вакциналар ДНҚ өзгерте алатындығы туралы ақпаратты бүкіл әлем сарапшылары жоққа шығарды, біз бұл туралы бірнеше рет жаздық. Ол геномға әсер ете алмайды.
Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»
– COVID-19 қарсы вакциналар антиденелер қалыптастырып, ауру қоздырғыштарымен күресе алатын басқа жасушалардың жұмысын ынталандыру арқылы ағзамызды инфекциядан қорғануға үйретеді және жаттықтырады. Вакциналар біздің ағзамыздың жасушаларына COVID-19 вирусының бетіндегі ақуызға ұқсас ақуыз бөліп шығаруға үйретеді. Ол үшін вакциналар матрицалық рибонуклеин қышқылын (мРНҚ) немесе ауру тудырмайтын өлтірілген зиянсыз вирусты қолданады. Біздің ағзамыз COVID-19 вирусы ағзаға енген жағдайда иммундық реакцияны күшейту үшін осы ақуызды тануды үйренеді. мРНҚ вакцинасында белгілі бір вирустық ақуыз туралы ақпарат болғандықтан, жасушада осы мРНҚ негізінде тұтас вирус құру мүмкін емес. мРНҚ да біздің ДНҚ-ға ене алмайды. мРНҚ геномға «ендіру» туралы мәлімдеме биологиядан білімнің мүлдем жоқтығының белгісі. Бұл «жазық Жер» тұжырымның аналогы», – дейді м.ғ.д. Александр Гуляев.
«Бұл «вакциналар» салынғандарды қорғауға арналған жаңартылған хаттама және дәл осы хаттама инъекция жасатқандардан шыққан тікенекті ақуыздың бөлініп шығарылуына алаңдайтындарды қорғау үшін пайдалы».
Вакцинацияланған адамдар ақуыз бөліп шығармайды, біз бұл туралы бұған дейін жазған болатынбыз.
– мРНҚ вакциналармен егілгенде ағзада вирустың тікенек тәрізді ақуызына ұқсас жаңа ақуыз синтезделеді. Антиденелер осы ақуызға шығарылады және жасушалық реакция жүреді. Содан кейін иммунитет қалыптастыру барысында тікенек тәрізді ақуыз жоғалады, қысқа, бірақ иммунитет қалыптастыра бастауға жеткілікті уақыт ішінде «қорытылады», – деп толықтырды Александр Гуляев.
Вакциналардың әсерін түсіндіру препараттан детокс, тазару мүмкіндігін жоққа шығарады.
– Вакциналарды қолданғаннан кейін детоксикация өткізудің еш мағынасы жоқ. Ағзада құтылылатындай ештеңе жоқ, бөгде ештеңе жоқ. Адам тірі және белгілі бір дәрежеде ақыл-ойы болғанда ешқандай ақуыз немесе мРНҚ интоксикациясы мүлдем болмайды», – деп түсіндіреді профессор.
Енді «детокс хаттамасының» немесе «тамақтану хаттамасының» құрамдас бөліктеріне көшейік. Хабарлама авторы дәрі-дәрмек (D дәрумені, липосомалық С дәрумені, глутатион, кверцетин, йод), көптеген диеталық қоспаларды (PQQ, өсімдік шайлары), ағаш көмірі мен фуллеренді (C60) қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, бұл өнімдер антиоксиданттық қасиеттерге ие және құрамында «шикимат» болғандықтан таңдалғанын атап өтеді.
– Мақала авторының «сәнге» айналған терминдердің мәнін түсінбестен қолданып отырғаны анық. Ол нанобөлшектер, липосомалар (липосфералар деп аталды), фуллерен, көмір және шикимат туралы да айтады! Шын мәнінде, шикимат жолы — аралық метаболиті шиким қышқылы (шикимат) болып табылатын метаболикалық жол. Шикимат жолы бензоидты хош иісті қосылыстардың биосинтезінің мамандандырылған жолы ретінде белгіленеді. Фармакологияда шикимат жолының ингибиторлары мен блокаторларын ізделеді, бірақ шикимат емес (ол әрдайым барлық жерде болады және бар)», – дейді Александр Гуляев.
Жалпы айтқанда, детокс «рецептісі» улануға әкелуі мүмкін.
– Қазіргі фармакология осы «бағдарламаның» компоненттері арасындағы өзара әрекеттесуді талдай алмайды. Осы қаншама субстанцияның араластырғаннан кейін улану әбден мүмкін. Бұл өсімдіктердің арасында улы өсімдіктер де бар. Ағзадан вакцинаны шығаруға арналған рецепттерге неге дабыл соққан бақсы биі кірмегенін түсінбей отырмын? Бұл қисынды болар еді. Сондықтан кең аудиторияны сақ болуға шақырамын: «вакцинамен күрескерлердің» жарияланымдарына назар аудармаңыздар, бұл тағылық, олар мұны өз мақсаттарында пайдаланбақ, өзіңізді алдауға жол бермеңіздер!, – деп қорытындылады профессор Александр Гуляев.