Fake News

«COVID-19 тесті бұрынғы вирустық аурулардың «іздерін» анықтайды», – фейк

Қазнет қолданушылары COVID-19 ПТР-тесті тек осы ауруды ғана емес, сондай-ақ бұрын болған барлық вирустық аурулардың «іздерін» анықтайтыны туралы хабарламалар таратуда. Бұл шындыққа жанаспайды.


ПТР әдісі (полимеразды тізбекті реакция) қажетті мөлшерін анықтағанша белгілі бір вирустың РНҚ немесе ДНҚ және оның репликациясын анықтауға негізделген.

Бүкіл әлемде қолданылып жүрген COVID-19 қоздырғышы Sars-coV-2 вирусын анықтайтын тесттер осы жылдың басында Германияда Шарите клиникасында әзірленген. Тесттің тағы бір түрін оңтүстіккореялық Kogenebiotech компаниясы шығарған. Олар ПТР негізінде жасалған және барлық бета-коронавирустарға ортақ «Е» генін және SARS-CoV-2-ге тән RdRp генін табуға мүмкіндік береді. 
Демек, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған тесттер ағзадағы басқа вирустардың бар-жоғын анықтай алмайды. ЖРВИ белгілері бар адамдарға ПТР тестін тапсыру ұсынылатыны да сондықтан – ол SARS – coV-2 вирусының РНҚ әрекет етеді және басқаларын қабылдамайды.

Адам қандай да бір вирустық аурумен ауырғаннан кейін ағзада вирустың «іздері» қалмайтынын атап өткен жөн. Бірақ иммундық жүйемен қалыптастырылған антиденелер қалады. ПТР-тест мұндай антиденелерді анықтай алмайды. Олардың болуын иммуноферментті (ИФА) және иммунохемилюминесцентті (ИХА)  тесттер көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген фактілер COVID-19 тестілері ағзадағы кез келген вирусты анықтай алады деген теорияны жоққа шығарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button