Спортшылар «Испан тұмауымен» ауырған жоқ – фейк
Қазнетте Испан тұмауы пандемиясы кезінде спортпен шұғылданатын адамдар вирусқа қарсы тұра алды деген хабар таратылуда. Мұндай жаңалықты аттас жаттығулар кешенінің негізін қалаушы Йозеф Пилатес ашқан. Шын мәнінде, олай емес.
Йозеф Пилатестің мұндай тұжырым жасай алмауына бірнеше айқын себеп бар.
Біріншіден, пандемия кезінде оның әйгілі жаттығулар кешені әлі әзірленбеген еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басында, 1914 жылы ол Мэн аралында тұтқынға алынып, соғыс аяқталғанға дейін өз білімін жүйелеп, жараланған сарбаздарға жарақаттан кейін қалпына келуге кһмектескен. Ол өзінің алғашқы салауатты өмір салты мектебін 1926 жылы АҚШ-қа көшкеннен кейін ашқан. Испан тұмауы пандемиясы 1920 жылы аяқталды.
Айта кетейік, Пилатес жаттығулар кешені иммундық жүйені нығайтуға емес, бұлшық ет үйлесімсіздігін түзетуге және мүсін, координация, тепе-теңдік, күш пен икемділікті жақсартуға бағытталған.
Физикалық белсенділіктің белгілі бір дәрежеде испан тұмауын жұқтырудан қорғағанын дәлелдейтін расталған зерттеулер жоқ. Керісінше, көбінесе 20-40 жас аралығындағы жастар ауруға шалдыққан. Осал топтардың бірі аса белсенді екендігіне күмән келтіруге болмайтын сарбаздар болды. Әскери қызметшілер арасындағы өлім-жітімнің жоғары болуына олардың әскери лагерьлерде тұруы себеп болды.
Індет салдарынан қайтыс болған белгілі спортшылар да бар. АҚШ-та бейсболшылар Сайя Свейн, Ларри Чаппелл, сондай-ақ сол кездегі элиталық дивизионның үздік төрешісінің бірі Силка О’Локлин испан тұмауынан көз жұмды.
Сонымен қатар, испан тұмауы пандемиясы салдарынан көптеген спорттық оқиғалар кейінге қалдырылды, оның ішінде ірі, шағын шаралар да бар – тіпті мектептер мен колледждердегі жолдастық матчтарға да тыйым салынды. Ал оқу орындары жабылды.
Бұл фактілер спортпен айналысатын адамдарда вирусқа қарсы иммунитет қалыптасады және жаппай физикалық белсенділік қазіргі COVID-19 пандемиясын жеңуге көмектеседі деген теорияны жоққа шығарады.