Fake News

Фейк: «Вакциналарда денсаулыққа қауіпті графен оксиді бар»

Әлеуметтік желілерде COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді бар екендігі туралы бейне таратылуда. Бұл тұжырым – жалған.


Графен – қалыңдығы бір атом болатын көміртек атомдарының қабатынан тұратын материал. «Графен оксиді» термині графеннің оттегі бар функционалды топтармен және/немесе молекулалармен байланысын білдіреді. Құрылымында бір немесе бірнеше бор, азот, алюминий, фосфор, кремний, күкірт атомдары немесе оларға негізделген топтар болатын графен оксидтері белгілі, мысалы, меламин, фосфин, силан, полисилоксан, сульфидтер және т. б. полиэтиленгликоль, полиэфир, поливинил, полиакрил және т. б. сияқты полимерлермен өзгертілген графен оксидтері.
Графен мен оның оксидін қолдану әлеуеті зор – өнеркәсіптен бастап экология мен медицинаға дейін.
Бүгінгі таңда графен оксидтері көп қолданылмайды, өйткені олар қосымша зерттеуді қажет етеді. Ғалымдар графен оксидінің қауіпсіздігін зерттеумен айналысуда. Олардың болжамынша, зерттеу нәтижелері бойынша графен де, оның оксидтері де адамдар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз. Мамандар графеннің уыттылығы туралы мәлімдемеген. 
Бірақ қазіргі кеде қолданылып жүрген COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді жоқ. Бұл компонент ингредиенттер тізімінде жоқ.
Вакциналардың құрамымен толығырақ мына жерден танысуға болады:

Pfizer/BioNTech;
Moderna;
Janssen;
Astra-Zeneca;
Sputnik – V;
Hayat-Vax (Sinopharm);
QazVac.

Pfizer компаниясының өкілі Джерика Питтс POLITIFACT-ке берген сұхбатында вакцина әзірлеу кезінде графен оксиді қолданылмағанын жеткізді.
Демек, вакциналарда графен оксиді бар деген пікірлер негізсіз. Бұл компонент иммундауға арналған препараттардың құрамында жоқ. Уыттылық пен өлім қаупі туралы мәлімдемелер де фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button