Манипуляция: «Мектептер мен балабақшаларда улы маскалар таратады»
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар Канадада Квебек мектептері мен балабақшаларында улы маскалар таратылатыны туралы жаңалықты талқылауда. Кейбір пайдаланушылар мұндай маскалар Қазақстанда да пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл олай емес.
Мұғалімдер мен оқушыларға таратылған маскалар наноформаланған графен материалдармен қапталған. Қазіргі кезде бұл жеке қорғаныс құралдарының партиясы түгелдей тәркіленді. Мамандар маскалар мен олардың ағзаға әсерін зерттеп жатыр.
Квебекте қалыптасқан жағдайдың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Metallifer өндірушісінен алынған SNN200642 маскалары біздің елде сатылмайды. Жалпы, компания Квебек мектептері мен балабақшаларына 4.6 миллион маска таратқан.
Қазақстандық оқушыларға бетперде тағудың нәтижесінде улану қаупі төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін елімізде мектептерде улы дезинфекциялық заттар қолданылады деген мифті жоққа шығарған болатынбыз.
«Мектептердегі дезинфекциялық құралдар химиялық күйік тудырады» – фейк