Фейк: «Вакцинацияланғандар егілмеген адамдарға қарағанда COVID-19-бен ауыр ауырады»
Қазақстандық вакцинацияға қарсы адамдар COVID-19-ға қарсы екпе алғандар індетті жұқтырған жағдайда егілмегендерден гөрі қаттырақ ауыратыны туралы видео таратуда. Бұл жалған.
Біріншіден, індетке қарсы вакцина алған адамдар арасында COVID-19 жұқтыру жағдайлары сирек кездеседі. Қазақстанда егілгендер арасында 0,05% – ы вирус жұқтырған, АҚШ-та бұл көрсеткіш одан да төмен – 0,002%.
Екіншіден, вакцина алғаннан кейін ауру жұқтырған жағдайда ол жеңіл түрде өтетінін дәлелдейтін деректер бар. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ақпараты бойынша, COVID-19 қарсы вакциналардың аурудың ауыр түрін және ауруханаға жатқызуды болдырмау тиімділігі 89% – дан асады.
Вакцина алған 65 жастан асқан адамдар арасында індетті жұқтырған жағдайда ауруханаға жатқызу ықтималдығы 94% – ға төмендейді.
Үшіншіден, вакцинацияланған азаматтардың саны көп елдерге қарап вакциналардың вирусты жұқтыру ықтималдығын және ауыр жағдайлардың дамуын төмендетеді деген қорытынды жасауға болады. Мысалы, халқының 68% вакцинацияланған Канадада ауруханаға жатқызу мен өлім-жітім көрсеткіші күрт төмендегені байқалады. Ағымдағы жылдың сәуір айының басында еліміздің ауруханаларында COVID-19-бен ауыратын 3,5 мыңға жуық науқас болған. Қазір ауруханаларда осы диагнозбен 696 науқас жатыр. Ұлыбританияда азаматтардың 65,67% егілді. КВИ-дан болатын өлім-жітім деңгейі 15,24% – дан 2,67% – ға дейін төмендеді.
Қорыта айтқанда, вакцинация ауру ағымын күшейтеді деген теория жалған болып табылады. Бұл мәлімдеме расталған мәліметтерге қайшы келеді.