Манипуляция: «Ескі кітаптар мен мектеп оқулықтарында коронавирус туралы толық ақпарат бар»
Әлеуметтік желілерде 1975 жылы жарық көрген кітап пен 2010 жылы шыққан биология оқулығы көрсетілген бейнеролик таратылуда. Екі кітапта да коронавирустар туралы егжей-тегжейлі әңгімелер бар. Осыдан пайдаланушылар Sars-CoV-2 мүлдем жаңа вирус емес, ал COVID-19 пандемиясы өтірік деген қорытынды жасайды. Бұл манипуляция.
Ескі басылымдарда коронавирустар туралы ақпараттың ұсынылуы таңқаларлық жайт емес. Әңгіме жалпы вирус жайлы болып отыр, ол алғаш рет 1931 жылы Америкада анықталған. Коронавирустың бұл штаммынан балапандар зардап шекті, ауру «туықтың инфекциялық бронхиті» деп аталды. Қазір кезде бұл вирус ACoV-Avian coronavirus ретінде белгілі.
Жалпы алғанда, коронавирустар тұқымдасының 43 түрі бар, олардың тек 7-і ғана адамға жұғады.
Адам шалдыққан коронавирустың алғашқы штаммы, HCoV-229E 1960 жылдардың ортасында оқшауланған. Ол ЖРВИ-ге ұқсайтын аурудың қоздырғышы ретінде белгілі болды.
Бірнеше жылдан кейін, 1967 жылы коронавирустың тағы бір түрі — HCoV-OC43 анықталды. Ауру жағдайлары бірнеше елдерде тіркелді.
Видеода көрсетілген кітаптардың алғашқысы жарияланған кезде адамзатқа адамдарда ауру тудыруы мүмкін коронавирустың екі штаммы және құстар мен жануарларға әсер ететін бірнеше штаммы белгілі болды.
2002 жылдан 2019 жылға дейін адамға жұғуы мүмкін коронавирустардың жаңа штамдары анықталып, сипатталды. Дәл осы қоздырғыштар ауыр жедел респираторлық синдром мен таяу шығыс респираторлық синдромының қоздырғышы болды.
2019 жылдың желтоқсанында Қытайда SARS-CoV-2 штаммы табылды, ол кейіннен пандемияға айналған жаңа COVID-19 ауруының өршуіне себеп болды.
Бұл штамм бұған дейін беймәлім болған, дегенмен ғалымдар оған жататын коронавирустар тобын бұрыннан білетін.
Демек, «жаңа коронавирус» термині COVID-19 тудыратын штаммның адамзат үшін жаңа штамм екендігін білдіреді, ол 2019 жылы ғана анықталды. Вирустың сипаттамасы және оның геномын ашу 2020 жылдың қаңтарында жүзеге асырылды, өйткені бұған дейін патоген ғалымдарға белгісіз болған.
Осылайша, 2019 жылға дейін жарық көрген кітаптардағы коронавирус туралы жарияланымдар COVID-19 қоздырғышының адамзатқа бұрыннан белгілі болғанын дәлелдемейді. Коронавирустар – бұл 1931 жылдан бастап біртіндеп ашылған 43 түрді қамтитын тұқымдас вирус.