Fake News

«Оқушыларға онлайн сабақтар өткізілмейді» – фейк

Қазақстанда 7 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының барлығы оффлайн режимде оқиды. Осындай хабарлама әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ата-аналар арасында таралуда.

Бұған дәлел ретінде білім вице-министрі Ш. Кариновтың қолы қойылған құжат келтіріледі. Оқырмандар назарын іс жүзінде «құжатқа» мүлдем қол қойылмағанына (электронды немесе физикалық) аударамыз.

Stopfake редакциясы түсініктеме алу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласты.

«Қазіргі уақытта мектептерде бастауыш сыныптар ата-аналардың өтініші бойынша оқиды және шағын жинақталған мектептерде сабақтар өтуде. Бұл жерде шешімді Бас санитарлық дәрігер қабылдайды. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптарда, мектептерде оқи алады. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақталған мектептердің оқушыларына дәстүрлі форматта білім алуға рұқсат берді. 7 қыркүйектен бастап балалар мектепте оқиды деген ақпарат жоқ», – деді БҒМ баспасөз хатшысы Гауһар Омарбекова.

Сонымен қатар, салалық ведомствода санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге болатынын хабарлағаннан кейін мектеп әкімшіліктері тиісті кесте жасайтындарын атап өтті.

«Барлық ақпаратты міндетті түрде балалар мен ата-аналарға жеткіземіз. Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігіне дәстүрлі оқыту форматына оралу туралы ұсыныс жасады, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі әлі рұқсатын берген жоқ», – делінген БҒМ хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button