Fake News

Фейк: «Желіде үкіметтің ауаға химикаттар шашуға қатысы барын дәлелдейтін фотосуреттер тарады»

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Ангела Меркель, Airbus компаниясының өкілдері және түрік шенеуніктерінің сұйықтықтар құйылған бөшкелері бар ұшақ бортында түскен суреттерді таратуда. Онда «Міне, вирус деген осы!» деп жазылған, сондай-ақ, видео астындағы мәтінде табиғи ортаға әсер ету құралдарын теріс мақсаттарда пайдалануға тыйым салу туралы айтылған. Шын мәнінде, бұл суреттердің вирусқа да, табиғатқа теріс әсер етуге де ешқандай қатысы жоқ.


Суреттер 2014 жылғы 20 мамырда түсірілген және Германия Федералды үкіметінің ресми порталында әлі де бар. Бұл күні Германия экс-канцлері Ангела Меркель сол кезде Airbus бас директоры қызметін атқарған Фабрис Брегьемен және Түркияның сол кездегі Көлік, теңіз істері және байланыс министрі Лютфи Эльванмен бірге ашылуға дайындалып жатқан «Airbus A 350-900» ұшағының бортын қарап шыққан.
Суреттердегі бөшкелердегі зат белгісіз қауіпті химикаттар емес, жай су. Олар балласт ретінде алынған және жолаушылар ұшақтарының қауіпсіздігін тексеру үшін қолданылады.
Сыйымдылықтар жолаушыларға арналған орындықтардың орындарына қоылады, осылайша ұшу кезінде және жердегі ауырлық ортасы тексеріледі.
Бактар бір-бірімен байланыстырылған және ұшу кезінде суды олардың арасында үлестіруге болады, бұл жүктердің немесе жолаушылардың салмағының әр түрлі болуына ұқсас жағдай тудырады.
Бұған дейін бұл суреттер және оларды желі қолданушыларының қате түсінгені жайлы Reuters жазған болатын.
Химтрейлдер теориясы – ұшақтардан улы заттар шашу – конспирологиялық болып табылады және ешқандай дәлелі жоқ.
Оны осы суреттер де растамайды, өйткені онда жолаушылар кемесін сынау кезінде балласт рөлін атқаратын су бөшкелері көрсетілген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button