Fake News

Фейк: «EverGiven контейнер тасығышын әдейі қайраңға батырған»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде Суэц каналын бұғаттаған контейнер тасығыштың қасақана қайраңға батырылғаны туралы конспирологиялық теорияны талқылауда. Пост авторының айтуынша, мұндай ақпаратты оған құпия дереккөз ұсынған.

Шын мәнінде, бұл қастандық теориясына ешқандай дәлел жоқ.

Контейнер тасығыш арнаны жауып тастағаннан кейін, оның иесі, Shoei Kisen жапон компаниясы бұл үшін кешірім сұрады.

Оқиғаның нақты себептері әлі белгісіз болса да, қасақана жасалған деген болжам ескерілмеуде. Бұл жағдайға қолайсыз ауа-райы, жел, техникалық немесе адамның қателігі де себеп болуы ықтимал. 

EverGiven-нен кейін кезекте 369 кеме тұрған. Қазір контейнер тасығыш қайраннан шығарылып, кемелер әлемдегі ең маңызды кеме жолдарының бірі Суэц каналы арқылы қайтадан жүзіп өтуде. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұл оқиғаның экономикалық салдары бірнеше апта, ай немесе жылдар бойы сезілетін болады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button