Fake News

Фейк: «Вакцинация құрбандары үшін мобильді крематорий дайындалды»

Қазақстандықтар Желіде табылған «мобильді крематорий» деген жазуы бар жүк көлігінің фотосуретімен бөлісуде. Кейбіреулер мұндай қондырғы COVID-19 қарсы вакцинация нәтижесінде қайтыс болған адамдар үшін дайындалды деп пайымдайды. Сурет астынан «Вакцинациядан кейін бәрі дайын» деп жазылған. Бұл жалған.


Шын мәнінде, фотосуретте «Турмалин» компаниясы шығарған ИН-50.1К инсенизаторы көрсетілген. Ол қауіптілік класы I-V жататын биологиялық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоюға арналған.

Инсинизатор алғаш рет 2011 жылы «Үлкен қала экологиясы-2011» Халықаралық экологиялық форумы аясында Ленэкспо көрмесінде ұсынылды. Инсинезатордың толық циклы көрсетілген видеоны өндірушінің ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Ол пандемия басталғанға дейін 8 жыл бұрын жасалған және оған еш қатысы жоқ. Өндіруші «мобильді крематорийдің салттық мақсаттарда пайдалануға және «Жүк-200» жоюға арналмағанын» атап өтті.
COVID-19 қарсы вакцинацияланған адамдар жақын арада жаппай өле бастайды деген теория негізсіз. Бұған дейін біз мұндай болжамдардың неге шындыққа жанаспайтыны туралы егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.

Фейк: «COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар өледі немесе аутоиммундық аурулардан зардап шегеді»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button