Америкалық саясаттанушы Генри А. Киссинджер міндетті вакцинация туралы мүлдем айтпаған
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Американың бұрынғы мемлекеттік хатшысы және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Генри Киссинджердің фотосуретімен бөлісуде. Саясаткер жалпыға бірдей вакцинация және зарарсыздандыру туралы мәлімдеген екен. Бірақ бұл туралы ешқашан айтқан емес.
Генри А. Киссинджер бұл туралы 2009 жылы ДДСҰ шеңберіндегі евгеника жөніндегі кеңесте айтқан.
Алдымен, «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында евгеника жөніндегі кеңесі» жоқ екенін айта кеткеніміз жөн. Бұл туралы Politifact журналистеріне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Кристиан Линдмайер хабарлады.
«Бізде мұндай баяндамалар туралы жазбалар жоқ. Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай «Кеңес» жоқ екеніне назар аударыңыз», – деп жазды Линдмайер PolitiFact-ке жолдаған электронды хатында.
Ал Генри А. Киссинджерге келетін болсақ, ол 1973 жылдан 1977 жылға дейін Американың 56-шы мемлекеттік хатшысы, 1969 жылдан 1975 жылға дейін президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі болды, бұдан басқа тағы бірнеше маңызды саяси лауазымдарды атқарған. 1973 жылы Вьетнамдағы атысты тоқтату жөніндегі келіссөздер үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Қазіргі уақытта Киссинджер Kissinger Associates халықаралық консалтингтік фирмасының төрағасы болып табылады.
Саяси қызметі кезінде Генри Киссинджер көпшілік алдында сөз сөйлеген. Алайда, оның жалпы вакцинация және зарарсыздандыру туралы мәлімдеме жасағанына дәлел жоқ. Киссинджердің көптеген сөздері мен сұхбаттарының жазбалары бар веб-сайттта да мұндай сөздер жоқ. 2009 жылы Киссинджер алғаш рет 26 сәуірде Токиода өткен үшжақты комиссияның пленарлық отырысында, екінші рет – 14 қазанда Парижде Халықаралық энергетикалық агенттіктің 35 жылдығына орай сөз сөйлеген.
2009 жылдың ақпан айында Г.Киссинджер қауіпсіздік жөніндегі 45-ші Мюнхен конференциясында сөз сөйледі. Бұл баяндамалардың ешқайсысы вакцинацияға қатысты болмаған.