Кибер-алаяқтар Disney компаниясы атынан қазақстандықтарды алдап жүр
What ‘ sApp мессенджерінде сауалнамаға қатысқан үшін ақшалай сыйлықтар берілетіні туралы хабарлама тарады. Тартулар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Disney компаниясының атынан ұсынылады екен.
Шын мәнінде, компания мұндай акция жарияламаған. Disney-дің ресми сайттарында ақшалай сыйлықтар туралы ақпарат жоқ. Компанияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында да Балаларды қорғау күнін атап өту және сауалнамалар туралы хабарландырулар жоқ.
Мұндай хабарламалар жиі таратылады. Бұған дейін қазақстандықтарға дәл осындай сауалнамадан өткені үшін үздік смартфондар, тіпті автомобильдер берілетін туралы жазған болатынбыз.
Бұл алаяқтардың іс-әрекеті. Пайдаланушы тіркелген сілтеме бойынша өтіп, қорғалмаған сайтқа түседі. Осылайша, адам сауалнама жолдарына енгізген барлық ақпаратты басқа адамдар көреді. Кибер алаяқтықтың бұл түрі фишинг деп аталады. Оның көмегімен зиянкестер жеке деректерді, төлем карталары және онлайн-әмияндар туралы ақпаратты иемденіп, жеке аккаунттарға және басқа да деректерге қол жеткізе алады. Желіде алаяқтардың құрбаны болмау туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:
Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті