Fake NewsФейк аккаунттар

Роза Рымбаеваның Fake-аккаунттары

Бүгінде отандық жұлдыздардың жалған аккаунттарының саны өсуде. Оларда аукциондар өткізіліп, өтірік сыйлықтар ойнатылады. Интернет-алаяқтар пайдаланатын танымал есімдердің бірі Роза Рымбаева.

Әлеуметтік желілер пайда болғаннан бері «Роза Рымбаева», «Қайрат Нұртас», «Пугачева», «Киркоров» және басқа да жүздеген аккаунт интернетті жайлады.

Атақты адамдардың атына жалған-аккаунттар ашу жағдайы жиі кездеседі. Мысалы, Instagram-да Роза Рымбаеваның фейк парақшалары аз емес. Әншінің жалған аккаунттарында жалған конкурстар жарияланады, сыйлықтар ойнатылады, түрлі аукциондар ұйымдастырылады, тіпті байланысу үшін ұялы телефонның номері де көрсетілген.

Шоу-бизнес өкілдерінің атынан жалған парақшалар ашудың себептері көп. Әуелде оларда коммерциялық мақсат болмаған, бірақ кейіннен парақшаны ашқан адамдар біраз ақша табуды ойлайды. Өйткені атақты адамдардың аккаунттарына адамдар тез жазылады және оларды сату аса тиімді.

Фейк аккаунтты қалай сәйкестендіруге болады?

Әлеуметтік желілер алдау мен алаяқтық іс-әрекеттермен күресте нақты ілгері қадамдар жасады. Көбі телефон нөмірін, несие картасын және шоттың түпнұсқалығын тексеру механизмін енгізді. Мұндай парақшаларға «құсбелгі» белгісі қойылады. Алайда, өз блогын тексеретіндер аз. Сондықтан StopFake редакциясы ақылмен әрекет етуге үндейді.

Бұл Роза Рымбаеваның екі аккаунты. Олардың қайсысы «жалған»?

 

 

Әрине, оң жақтағысы. Эстрадалық әншіге жазылған адамдар саны 1558 болуы мүмкін емес, оның үстіне екі-ақ фотосурет жарияланған. Сондай-ақ, бірде-бір жұлдыз өзінің байланыс номерін жария етіп, жазып қоймайды.

Қорытынды

Жалған аккаунттар заңсыз және тексерілмеген ақпарат таратады, алдау арқылы аккаунтқа жазылушылардың ақшасын иемденеді, жалпы, белгілі тұлғаның беделіне зиян келтіреді. Егер осындай жағдайларға тап болсаңыз, әлеуметтік желіні қолдау қызметіне шағымданыңыз немесе кері байланыс нысаны арқылы біздің редакциямызға хабарласыңыз.

Роза Рымбаеваның жалған аккаунты:

https://instagram.com/roza_rym3?igshid=1p4ozrconn8grhttps://instagram.com/roza.rymbaeva?

https://instagram.com/roza_rymbaeva__daryt_10milion?

https://instagram.com/roza_rymbaeva_daryt?

https://instagram.com/rozarymbaeba?igshid=1tvtdq498xyw5

 

Роза Рымбаеваның ресми аккаунты:

https://www.instagram.com/rozarymbaeva/?hl=ru

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button