Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдайды
Қазақстанда интернет-алаяқтар қайта әрекет етуде. Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде.
Ақша бонустары туралы хабарламалар What ‘ sApp мессенджерінде таратылуда. Хабарлама авторлары үш досыңды тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіштер бойынша фишингтік болып табылады.
Halyk Bank-тің өзінде мұндай акциялар қазіргі кезде өткізіліп жатпағанын хабарлады.
– Бұл алаяқтар. Деректерді қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады банктен.
Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және құрбандарының жеке аккаунттарына кіреді. Фишинг және осындай сайттарды тану жолдары туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.