Фейк аккаунттар

Алаяқтар сауалнамадан өткен үшін ірі банк атынан төлем жасалады деп мәлімдеді

Instagram әлеуметтік желісінде әрбір қазақстандық сауалнамадан өткені үшін Kaspi Bank атынан 290 мың теңге ала алатыны туралы жарнамалық хабарландыру шықты. Бұл алаяқтардың ісі.

Шын мәнінде, хабарландырудың Kaspi Bank-ке де, елдің басқа банктеріне де ешқандай қатысы жоқ. Мұндай хабарландыруларды алаяқтар пайдаланушылардың жеке деректерін иемдену мақсатында жариялайды.
Бұл туралы банктің ресми сайтында жазылған.
– Kaspi.kz ұтыс ойындарын, конкурстар, сауалнамалар өткізбейді және жаппай ақпарат таратпайды. Барлық қажетті хабарламалар Kaspi.kz мобильді қосымшасына жіберіледі, – делінген хабарламада.
Алаяқтарды қалай тануға болатындығы туралы Kaspi-дің Facebook-тегі ресми аккаунтында егжей-тегжейлі жазылған. Пайдаланушыларға күмәнді жарнамалардың скриншоттарын түсіріп, оларды Банктің ресми аккаунттарына жіберу ұсынылады. Осылайша, қызметкерлер алаяқтардың парақшаларын бұғаттап, азаматтарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолдана алады.
Баршаңызды сақ болуға және сауалнамадан өткені, «лайк» қойғаны немесе пікір жазғаны үшін қомақты төлемдер алу ұсынылған хабарландыруға сенбеуге шақырамыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button