Fake News

Фейк: «Коронавирустың үнділік штаммы ойдан шығарылған»

Кейбір қазақстандықтар коронавирустың үнділік штаммының бар екендігіне күмәнмен қарайды. Instagram-да Үндістан билігі «үнді штаммы» деп аталатын B.1.617 мутациясының болуын жоққа шығарған видерололик таратылуда. Бұл жалған.


Бұл хабарлама Үнді Үкіметінің «үнді штаммы» тіркесі қолданылған барлық контентті алып тастау туралы талабын дұрыс түсіндірмеуден шыққан.
«Интернетте коронавирустың «үнділік нұсқасы» елдерге тарағаны туралы жалған мәлімдеме шыққаны белгілі болды. Бұл толығымен өтірік», – деп жазды AFP ақпарат агенттігі Үндістан билігінің хатына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, жазбада ДДСҰ өзінің бірде-бір есебінде «үнді штаммы» терминін B.1.617 коронавирус штаммымен байланыстырмаған» делінген.
Бұл ненің белгісі? Біріншіден, Үндістан билігі өз хатында B.1.617 штаммының барын жоққа шығармайды, олар оны «үнділік» деп атамауға шақырады.
Екіншіден, ДДСҰ-ның эпидемиологиялық жағдай туралы апта сайынғы есептерінде В.1.617 вирусының штаммы да көрсетілген, оның бар екендігі жоққа шығарылмайды және күмән тудырмайды. 
Бұл штамм 2020 жылдың желтоқсанында Үндістанда табылғандықтан «үнділік» деп аталады.
Sars-CoV-2 коронавирусының басқа мутацияларын географиялық терминдерді қолдана отырып атаған, мысалы, бразилиялық штамм, оңтүстікафрикалық немесе британдық штамм.
COVID-19 індетінің өзі осы термин пайда болғанға дейін АҚШ-та «қытайлық вирус» немесе «Ухань вирусы» деп аталып келді. Алайда, кейіннен бұл сөз тіркестерін қолданудан бас тартылды, өйткені пандемия бүкіл әлемге таралды, ал «қытайлық вирус» термині оның ауқымын жеткізе алмай, адамдарды шатастыратын. Кейбіреулер «Ухань вирусы» және «қытайлық вирус» атаулары Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіре түсіп, саяси күн тәртібіне әсерін тигізеді деп санайды.
Осыған байланысты Үндістан билігі мутациялардың бірін «үнді штаммы» деп атауды тоқтатуды талап етуді ұйғарған болар, бірақ олар B.1.617 штаммының барын жоққа шығарған жоқ
Қорыта айтқанда, үнді штаммы ойдан шығарылғаны туралы хабарламалар осы жаңалықты дұрыс түсіндірмеуден шыққан.
Бұған дейін біз британдық штамм да, SARS-CoV-2 коронавирусының өзі де жоқ деген фейктерді теріске шығарған болатынбыз. 

Фейк: «Англияда коронавирустың жаңа штаммының табылуы мүмкін емес»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button