Fake News

Желіде WhatsApp-тың тегін интернет-трафигі туралы ескі фейк ақпарат тағы да таралуда

Қазнетте «WhatsApp-тың жылдығына» орай берілетін тегін 50 гигабайттық трафик туралы ақпарат тағы да таралуда. Бұл – алаяқтардың ісі және оған тіркелген сілтеме бойынша өтудің қажеті жоқ.


Бұл фейк 2020 жылы ағылшын тілді Желі қолданушылары арасында танымал болды. Оны фактчекерлер жоққа шығарып, компания мұндай акциялар жарияламағанын және тегін интернет-трафик – бұл алаяқтардың ісі деп хабарлады. 
Биыл қаңтар айында бұл ақпарат Қазнетте тарала бастады. Біз оған неге сенбеу керектігін айтқан болатынбыз. Біріншіден, WhatsApp-тың ресми сайтында да, басқа да беделді дереккөздерде де тегін гигабайттарды тарату туралы ақпарат болған жоқ. Екіншіден, трафикті алуға өтініш беру ұсынылған сайттың WhatsApp-қа да, мессенджердің иесі Meta-ға да ешқандай қатысы жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button