Fake News

Фейк: «Спутник-V» вакцинасы клиникалық зерттеулердің үш сатысының екеуінен ғана өтті»

Қазақстандық Telegram-чаттарда кейбір пайдаланушылардың пікірінше, «Спутник-V» вакцинасы барлық қажетті сынақтардан өтпегенін растайтын видео тарады. Бұл олай емес.

Таратылған видеода Владимир Путиннің сұхбатынан үзінді бар, онда ол «Спутник-V» вакцинасы қажетті үш клиникалық сынақтың тек екі кезеңінен ғана өткенін айтады. Содан кейін ол осыған қарамастан, препарат тіркелгенін растайды. Шындығында, бұл ескі видео. Сұхбат 2020 жылдың тамызында жазылған. Видеожазба мен түсіндіруді Желіден табуға болады. Ол кезде «Спутник-V» клиникалық сынақтардың алғашқы екі фазасы ғана толық аяқталғанына қарамастан, уақытша тіркеуге ие болды.
– Біз тіркелу үшін керектің бәрін жасадық. Бір шартпен. Бұл шарт – бұл препаратты жаппай қолдану кезінде одан әрі зерттеу. Сондықтан біз мұны Ресей Заңына қатаң сәйкес жасадық, ал Ресей заңдары әлемдік тәжірибеге және басқа елдерде қабылданған нормативтік реттеуге толығымен сәйкес келеді. Біз жануарларда, еріктілерде клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргіздік, және бүгінгі таңда біздің мамандар үшін бұл вакцина тұрақты иммунитетті қалыптастыратыны, антиденелер қалыптастыратыны айқын…»,- деді Владимир Путин.

Бүгінгі таңда «Спутник-V» вакцинасы барлық қажетті сынақ кезеңдерінен, соның ішінде үшінші кезеңнен өтті. Оның нәтижелері желіде жарияланды. Сондай-ақ, препарат 60 жастан асқан адамдарда сыналды.
Сынақтар Үндістан, Беларусь, БАӘ және Венесуэлада да өтті.
Демек, мессенджерлерде ескі ақпарат таратылып жатыр, ол бүгінгі күні шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі кезде «Спутник-V» вакцинасы клиникалық сынақтардың барлық сатыларынан өтті және Ресей мен Қазақстанды қоса алғанда, 67 елде тіркелді. Оның тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button