Fake News

Антибиотиктер пневмонияны жеңе алмайды – фейк

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде пневмонияны емдеу тақырыбын көтерді. Атап айтқанда, пациенттердің зертханалық талдауларында «антибиотиктердің әсеріне түспейтін бактерияның» табылуы қызу талқыға салынды. Stopfake.kz бұл мәселенің мән-жайын анықтады.

Бұл мәселені көтеруге «Олимп» КДЗ маркетинг бөлімінің директоры Алексей Балась Фейсбуктегі парақшасында жариялаған пост негіз болды. «Жазда халықтың антибиотиктерді бақылаусыз қабылдауының нәтижесінде барлық препараттарға төзімді супербактериялар қалыптасқан. Бұл жағдайда пневмонияны емдей алмаймыз».

Кейбір пайдаланушылар өз кезегінде мынадай қорытынды жасады:

«Бұл мұнымен не айтпақ? Енді вирустан да, жаңа бактериядан да өлетін болдық па?», деп жазды блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында.

Stopfake редакциясы пост авторына хабарласты. Алексей Балась оқырмандарды қандай да бір жалпылаудан аулақ болуға, мәліметтерді манипуляция үшін қолданбауға және жарияланымның мағынасын бұрмаламауға үндеді:

«Мен мысал ретінде тек бір ғана науқастың нәтижесін келтірдім. Оны жалпылаудың қажеті жоқ.. Бұл мысал пневмония кезінде барлық антибиотиктер тиімсіз болады деген сөз емес. Бұл нақты бір пациентке қатысты жағдай. Мен айтқан жағдайда, шын мәнінде, сезгіштік тек бір ғана антибиотикке қатысты болды».

Сонымен қатар, Алексей Балась коронавирустық инфекцияның өзі антибиотиктер тағайындауды қажет етпейтінін еске салды. Олар тек бактериялық асқынулар орын алған жағдайда ғана қолданады.

«Өзін-өзі емдеу әрқашан қауіпті. Антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қана қабылдау керек. Препаратты дұрыс таңдау үшін сезгіштікті анықтай отырып, бактериологиялық зерттеу жасаған жөн».

Басқа жаңалықтар

Back to top button