Дәлелсіз: «Лимон-зімбір джемі барлық микробтарды өлтіреді»
Қазақстандықтар үйде дайындауға болатын ғажайып дәрілердің рецепттерімен бөлісуде. Пайдаланушылар бал, лимон және зімбір тамырын араластырып ішуді ұсынады. Олардың айтуынша, мұндай джем «барлық микробтарды өлтіреді». Бұған ешқандай дәлел жоқ.
Бал, зімбір және лимонның пайдалы қасиеттері бар. Бірақ олар вирустық немесе басқа ауруларды толығымен емдей алмайды.
Зімбір жүрек айнуын, құсуды және бас ауруын жеңуге көмектеседі. Кейбіреулер оны қант диабеті мен остеоартритті емдеуде қолданады, алайда бұл тәсілдің тиімділігі туралы ешқандай ғылыми дәлелдер жоқ. Зімбірді жүктілік кезінде жеуге болмайды, өйткені ол іштегі нәрестенің дамуына зиян келтіруі мүмкін.
Лимон С дәруменіне бай және суық тигенде болатын ауруларды емдеуде жиі қолданылады. Дегенмен, бүгінгі күні лимонның суық тигенде пайдалы екенін растайтын сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.
Кейбір зерттеулерге сәйкес, бал аралар бөліп шығаратын ферменттерге байланысты микробқа қарсы қасиеттерге болады. Бірақ оны жараларды тез емдеу үшін сырттай қолданылған кезде ғана.
Бұл өнімдерді араластырып, тұтынған кезде қандай да болмасын ауруларды емдеуге болатыны туралы ғылыми расталған дәлелдер жоқ.
Қазақстандықтар емделу үшін дәстүрлі медицина әдістерін бұған дейін де қолданылып келген. Біз онкологиялық ауруларды көкөніс шырынымен және гипертонияны фольгамен емдеу әдістерін жоққа шығарған болатынбыз.