Медициналық фейктер

Фейк: «Электр энергиясы қатерлі ісікті болу қаупін арттырады»

Мессенджерлерде электромобильдер, жалпы, электр энергиясы онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі деген ақпарат тарады. Әрине, бұл шындыққа жанаспайды.

Электр энергиясы XIX ғасырдың аяғында адамдардың өміріне тығыз кірді. Қазіргі кезде күнделікті өмірді электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Адамдардың айналасында ондаған электр құрылғысы бар – қарапайым шамнан, тұрмыстық техникадан бастап электр пойыздары мен электромобильдерге дейін.
Барлық осы құрылғылар, механизмдер мен аспаптар қатерлі ісік ауруының статистикасына мүлдем әсер етпейді. Жүз жылдан астам уақыт ішінде зерттеулер көп жүргізілді, олар электр энергиясы мен онкологиялық аурулар арасында байланыстың бар екеніне ешқандай дәлел таппады.
Электр желілерінің жанында тұрудың денсаулыққа зияны жоқ деген деректер де бар. 
Видео авторы электр пойыздарының машинистері арасында қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім жоғары деп айтады. Алайда, біз мұндай статистиканы таппадық. Ал Желіде қандай мамандықтардың өкілдері онкологиялық ауруларға жиі шалдығатыны туралы ақпарат көп. Олардың арасында электр пойыздарының машинистері жоқ. Бірақ отырып жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері, түнгі ауысым қызметкерлері, маникюр жасау шеберлері және резеңке бұйымдар шығаратын кәсіпорындардың қызметкерлері бар. Кеңсе қызметкерлері көп отырады. Ал түнде жұмыс істейтіндер ұйықтау мен сергек жүру режимін сақтамайды. Маникюр жасау шеберлері мен өндіріс қызметкерлері улы заттар мен шаңды көп жұтады.

Роликтің авторының айтуынша, электромобиль батареяларын қоқысқа тастау салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіреді. Алайда, электр машиналарын өндірушілер бұл батареялардың қайта өңделетіні және қоқысқа тасталмайтыны туралы есеп берген еді. Мысалы, Audi компаниясы кобальт пен никельді қайта пайдаланатыны туралы мәлімдеді, ал Tesla бастапқы материалдың 92%-на дейін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жүйе жасап шығарған.
Демек, жалпы, электр энергиясы немесе электромобильдер қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады дегенге сенуге ешқандай негіз жоқ. Яғни, таралған хабарламаға сенбеу керек.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button