Медициналық фейктер

Фейк: «Әлемде аутизм пандемиясы болып жатыр, бірақ бұл туралы ешкім айтпайды»

Әлеуметтік желілерде 2000 жылдан бастап аутизм жағдайлары 241%-ға өскені туралы жазылуда. 23 жыл бұрын мұндай диагноз 10 мың баланың біріне, ал қазір әрбір 44 балаға қойылады екен. Демек, әлемде аутизм пандемиясы болып жатыр, бірақ ол туралы айтылмай отыр. Бұл рас па, тексерейік.

Постта келтірілген көрсеткіштер сәл бұрмаланған. Ұсынылған көрсеткіштер АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері болып табылады және тек осы елге ғана қатысты. 2021 жылы ведомствоның есептеуінше, 44 америкалықтың біріне аутизм спектрінің әртүрлі бұзылыстары (АСБ) диагнозы қойылған. 2000 жылы мұндай диагноз 150 адамның бірінде тіркелген. 1970 жылдардағы статистикаға сәйкес, 10 мың америкалықтың бірінен мұндай ауру табылған.

Алайда, бұл деректер аурудың өсуінің сөзсіз дәлелі бола алмайды.

1970 жылдары, тіпті 2000 жылдардың басында АСБ-ны диагностикалау әдістері әртүрлі болды.

Балалық аутизмді алғаш рет 1943 жылы Лео Каннер сипаттаған. 1970 жылдары бұл диагноз бен оның көріністері түсініксіз болды, оны ешкімге қоймайтын. Ресми түрде диагноз тек 1980 жылдары қолданыла бастады. Ол шизофрениядан өзгеше «дамудың жалпы бұзылуы» ретінде анықталды. Бұл тұжырымдама 1987 жылы жеңіл ауырлық диагнозы қосылып, кеңейтілді. Алайда, ол кезде аутизм әлі де жағдайлардың толық спектрі емес, бір жалпы диагноз ретінде қарастырылды. АСБ диагностикалау тәсілі де, АСБ термині де 1994 жылы ғана пайда болды және 2000 жылы қайта қаралып, кеңейтілді.

2019 жылы қабылданған аурулардың 11-ші халықаралық классификациясында АСБ ұғымы тағы да кеңейтілді. Қазір оған бұзылулардың 7 кіреді, олардың әрқайсысына қойылатын нақты диагностикалық талаптар бар. 

Аутизм спектрінің бұзылуы ұғымының кеңеюі және диагностикалық әдістердің жетілдірілуі нәтижесінде адамдарға АСБ диагнозы жиі қойылатын болды. Бірақ бұл олар диагноз қойылғанға дейін ауырмаған дегенді білдірмейді. 

Яғни, аутизммен ауыратын адамдарға бұған дейін диагноз қойылмай келді, өйткені дәрігерлерде тәжірибе мен қажетті тестілеу әдістері жеткіліксіз болды. 

Демек, аурушаңдық статистикасының артуы жағдайлардың өскенін дәлелдемейді. Статистика көбінесе диагностикалық әдістердің жетілдірілуіне және 1970 жылдармен салыстырғанда AСБ тұжырымдамасының кеңеютілуіне байланысты артады. Дәрігерлер аутизмнің дамуына сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды, мысалы, экология. Мамандардың пікірінше, жүктілік кезінде ананың белгілі бір аурулары, генетикалық бейімділігі, ата-ананың қартаюы, ерте туу және бір анадан туған балалар арасында аз уақыт өтуі сияқты факторлар АСБ даму қаупін арттырады.

Мұның бәрі әсер етуі ықтимал. Ғалымдарда аутизмнің пайда болуы мен дамуының себептері туралы нақты деректер әлі жоқ.

Демек, әлемде аутизм пандемиясы жоқ. Статистиканың артуы медицина мен диагностикалау деңгейінің жоғарылауына байланысты. Қазіргі уақытта 1970 жылдары немесе 2000 жылдары аутизммен ауырған адамдардың нақты санын анықтау мүмкін емес.

Демек, аутизм жағдайлара артты деп нақты айту мүмкін емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button