Медициналық фейктер

Фейк: «Ауру тудыру үшін адамдарды химиялық заттармен қасақана улайды»

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде барлық маусымдық және басқа да аурулар – бұл бактериялар мен вирустарды жұқтырудың емес, химиялық заттармен уланудың салдары деген ақпарат таратылуда. Оларды барынша көп адамды ауырту үшін қасақана таратады екен. Бұл өтірік.

Бұл хабарламада атап өтерлік жайт, адамдарды химиялық заттармен нақты кім улайтыны және бұл не үшін қажет екені айтылмайды. Егер мұндай істермен үкімет айналысады десек, онда оған жүктемені, яғни денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығындарды арттыру не үшін қажет екені түсініксіз. Осыған қарамастан, мұндай қисынсыз ойлар COVID-19 пандемиясы басталғанда кеңінен таралған көптеген қастандық теорияларына тән. 
Одан әрі хабарламада айтылған химиялық пневмонитті талдайық. Бұл қатты жөтел, ауаның жетіспеушілігі, тыныс алу мен дем шығару кезінде әдеттен тыс дыбыстар, кеудедегі жану сезімі және басқа да белгілермен сипатталатын нақты жағдай. Тағы бір белгілерінің бірі – қызғылт көбікті қақырықтың шығуы. Өкпеге улы булар немесе газдар әсер еткенде химиялық пневмонит пайда болады. Сондай-ақ ол минералды, кастор және парафин майы сияқты майлы іш жүргізетін дәрілердің немесе бензин, керосин және мұнай өнімдері сияқты көмірсутектердің аспирациясынан туындауы мүмкін.
Химиялық пневмониттің клиникалық көрінісі ЖРВИ, тұмау немесе COVID-19-дың клиникалық көрінісінен айтарлықтай ерекшеленеді. Дәрігерлер COVID-19 диагнозын әдейі қояды және химиялық пневмониттің белгілерін елемейді деген теория негізсіз. 
Вирустық және бактериялық инфекциялардың болуы – бұл ғылыми дерек.
Демек, адамдар маусымдық аурулармен ауырмайды және олардың аурулары химиялық заттармен уланудың нәтижесі болып табылады деген ақпарат жалған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button