Fake News

Фейк: «Пандемиялар адамзат жойылғанша бірінен соң бірі болады»

Қазнет қолданушылары COVID-19 пандемиясы Жер халқы айтарлықтай азайғанша бірінен соң бірі болатын көптеген індеттердің біріншісі ғана деген теорияны алға тартуда. Қастандық теорияларын жақтаушылардың пікірінше, бұл әлемдік үкіметтің жоспары. Бұл тұжырым дәлелденбеген.


Telegram чаттарына қатысушылар бұл теорияны байланыс саласындағы мамандарға арналған оқу құралын ұсыну арқылы растап отыр. Оны Джонс Хопкинс Университетінің мамандары әзірлеген және пандемия мен індет кезеңінде дағдарыссыз байланыс дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқу құралы The Spars Pandemic 2025-2028 деп аталады және оқулықтың PDF нұсқасының алтыншы бетінде айтылған ойдан шығарылған пандемия сценарийіне негізделген. Біз бұл оқу құралы мен оған қатысты қастандық теориялары туралы толығырақ жазған болатынбыз. 
Белгілі бір әлемдік үкімет Жер халқының басым бөлігін жоюға тырысуда деген пікірлер де қастандық теориясы болып табылады. Мұндай үкіметтің те, қатерлі жоспарлардың да бар екендігіне ешқандай дәлелдер жоқ.

«COVID-20 күтіңіз»: вирустың көмегімен Жер халқын азайту туралы фейк мәлімдемелер

COVID-19 пандемиясының тарихтағы соңғы індет болмауы ықтимал. Бірақ қай патогеннің жаңа аурудың өршуіне әкелетінін және оның қашан болатынын болжау мүмкін емес. Адамзат тарихында пандемиялар болған және оларды ойдан шығарылған немесе әлемдік үкімет жасаған деп айтуға негіз жоқ.
Демек, пандемия арқылы адамзаттың біртіндеп жойылатыны туралы мәлімдемелер дәлелсіз. Бұл тезистер кеңінен тараған және бірнеше рет теріске шығарылған қастандық теориялары болып табылады, ал болашаққа қатысты болжамдар негізсіз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button