Fake News

Конспирология: «Долларлық банкнотта егіз мұнараның жарылуы бейнеленген»

Желіде тараған видеороликте номиналы әртүрлі доллар купюрасынан «ұшақ» және егіз мұнара ретінде белгілі Дүниежүзілік сауда орталығының суреті жасалатыны көрсетілген. Банкноттардың номиналы жоғарылаған сайын, «мұнаралар» құлайды. Нәтижесінде пайдаланушылар бұл кездейсоқтық емес, жамандықтың белгісі деген қорытындыға келеді. Бұл олай емес. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Доллар купюраларында болашақтың бейнеленгені туралы теория интернетте 2002 жылы, яғни, Дүниежүзілік сауда орталығының ғимараттары құлаған 11 қыркүйектегі шабуылдан кейін бір жыл өткен соң пайда болды. Оны Snopes фактчекинг порталы жоққа шығарған болатын.  Мамандар әр түрлі брендтердің затбелгілерінен және купюралардан түрлі нәрселер жасау трюктері әзіл және ойын екенін айтып, оны теорияны қалалық миф деп бағалады. Мысалы, Желіде 20 британдық фунт стерлингті Патшайым Елизавета II қабағын түймей, күлімсіреп тұратындай етіп, қалай бүктеуге болатындығы бойынша нұсқаулық бар видеолар көп.

Қастандық теориясын жақтаушылар 11 қыркүйектегі шабуылға дейін доллар купюраларынан құпия «белгілерді» көргендерін Taipei Times порталы да жазған болатын. Мысалы, 20 долларлық купюрада Эндрю Джексонның көзінің үстінен адамдар атқылаған екі жанартауды байқаған және бұл жамандықтың нышаны деп ойлаған.

Бұл теорияларды шын деп қабылдаудың қажеті жоқ, өйткені олар қисынсыз, сондай-ақ банкноттардың дизайны өзгерген күндер 2001 жылғы террорлық шабуылды болжау мүмкін еместігін көрсетеді. 1 және 2 долларлық банкноттардан басқа барлық долларлық купюралардың дизайны 2001 жылдан кейін өзгертілді, яғни, олар сол кездегі оқиғаларды болжай алмаған. Мысалы, 5 долларлық купюраның бет жағының дизайны 2008 жылы, 10 долларда – 2006 жылы, 20 долларда – 2003 жылы, 50 долларда – 2004 жылы және 100 долларда – 2013 жылы өзгертілді.
Қорыта айтқанда, ақшадағы жорамалдар туралы теория конспирологиялық және ешқандай дәлелі жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button