Жалған: «Өсімдік тұқымдары бауырды толығымен тазарта алады»
Желіде бауырды тазарту туралы видео тарады. Оның авторының айтуынша, төрт-ақ ингредиенттің көмегімен бауырды 20 жастағы адамдардағыдай қылуға болады. Ол үшін зығыр тұқымын, қалампыр, асқабақ тұқымын және мен зәйтүн майынан қоспа жасау керек. Мұның бәрін араластырады және жатар алдында бір қасықтан ішеді. Бұл қоспаның бауырға пайдасы бар ма, ағзадағы ең үлкен безді тазарту керек пе, қарастырайық.
Интернетте денені ластайтын мифтік қалдықтар туралы ақпарат көп. Халықтық рецептілерді ұнататындар үнемі жаңа құралдарды ойлап табады, олар сиқырлы таяқшадай әп-сәтте адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Әсіресе, бауырды тазарту жиі ұсынылады. Ойдан шығарылған «емдік» қоспалардың түр-түрі бар. Лимон, балдыркөк, қызылша, қызыл пияз, сода – бәрі пайдаланылады.
Жалған емшілерді жосықсыз фармацевтикалық компаниялар да қолдайды.
Ал дәрігерлер ештеңені тазалаудың қажеті жоқ дейді. Бауырда тек өт қана жиналуы мүмкін. Бауыр фильтр ретінде жұмыс істемейтінін білген жөн. Ол «шлакты» ұстамайды. Химиялық зертхана секілді. Онда сырттан түскен немесе зат алмасу процесінде пайда болған улы заттар залалсыздандырылады. Бауыр ақуыздар, көмірсулар, майлар, гормондар, дәрумендер алмасуына қатысады, өт шығарады, темірді сақтайды, ас қорыту кезінде пайда болатын улы аммиакты несепнәрге айналдырады және т.б. Без ағзада 500 түрлі қызмет атқарады.
Көбінесе өт үлпектерін шлак деп ойлайды. Яғни, бауырдың майларды сіңіру процесінің бұзылуына байланысты өт қоюланады. Демек, тастар қалыптасуы мүмкін. Бұл мәселені дәрігермен кеңесу керек.
Ғажайып рецептіде қолданылатын ингредиенттерді талдап шығайық. Олардың бәрі ағзаға пайдалы, асыра пайдаланылса зиянды болуы мүмкін.
Зығыр тұқымын омега-3 пен антиоксиданттарға бай, тері мен шашты жақсартады, холестеринді төмендетеді, қан қысымын реттейді, ішек жұмысына пайдалы әсер етеді. Шамадан тыс тұтынған кезде диареяға, іштің кебуіне және газдың жиналуына әкеледі.
Асқабақ тұқымында дәрумендер мен микроэлементтер көп. Калий мен магнийдің есебінен жүректің жұмысы қалыпқа келеді, өйткені кукурбитин антигельминтикалық агент ретінде жұмыс істейді. Бірақ асқабақ тұқымында майлар көп екенін естен шығармаған жөн. Артық салмағы бар және аз қимылдайтын адамдарға оны көп жемеген жөн.
Қалампырдың да пайдасы ғылыммен дәлелденген. Дәмдеуіш бактерияларды жояды, ұандағы қант деңгейін тұрақтандырады, бауыр жұмысын қолдайды. Мысалы, Үндістанда оны тіс ауруы мен тамақ ауруын емдеу үшін қолданылады. Сондай-ақ, қалампыр аллергия тудырып, қан қысымын жоғарылатуы мүмкін.
Зәйтүн майы да ас қорыту жүйесіне жақсы әсер етеді. Өт айдау және жұмсақ іш жүргізетін әсерге ие. Балалар мен жүкті әйелдерге пайдалы, өйткені оның құрамында ұрықтың миын, оның сүйек және жүйке жүйелерін қалыптастыруға қатысатын май қышқылдары бар. Шамадан тыс тұтыну аллергияға, қандағы қант пен қысымның төмендеуіне әкеледі.
Осылайша, видеода көрсетілген барлық ингредиенттер ағзаға пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Олар бауырды тазарта алмайды. Оны тазарту да қажет емес. Интернеттегі барлық рецептілерге сене бермеген жөн. Бауыр ауырған жағдайда дәрігермен кеңескен абзал.