Жаңалықтар

Фейк: «Желіде келесі пандемияның сценарийі тарады»

Қазақстандықтар Желіде табылған «The Spars Pandemic 2025-2028» деп аталатын құжатпен бөлісуде. Кейбіреулердің пікірінше, бұл әлемдік үкімет әзірлеген алдағы пандемияның нақты сценарийі. Бұл олай емес.


Шын мәнінде, құжат әлемдік Үкіметтің қателігінен Интернетте тараған құпия жоба емес. Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мамандары денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық коммуникация қызметкерлері мен қауіп-қатер байланысын зерттеушілерге арнап дайындаған кітап. Ол көпшілікке қол жетімді және оны кез келген адам жүктеп ала алады. 
PDF басылымның алтыншы бетінде «бұл жұқпалы аурудың табиғи өршуі кезінде пайда болуы мүмкін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы коммуникациялардың қауіптері мен қиындықтарын және жаңа және/немесе зерттелетін дәрі-дәрмекті, вакциналарды, терапевтік әдістерді немесе басқа да медициналық қарсы шараларды әзірлеу және тарату қажеттілігін суреттеу үшін әзірленген гипотетикалық сценарий» деп жазылған.
Кітапта өз бетінше орындауға арналған бірқатар жаттығулар және байланыс мамандары үшін практикалық ұсыныстар берілген және қауіптер туралы хабарлау, қауесеттерді басқару, ведомствоаралық үйлестіру және хабарламалардың келісілуі, проблемаларды басқару, БАҚ-пен ескертпелі және реактивті қатынастар, мәдени құзыреттілік және этикалық мәселелер енген.
Covid-диссиденттер пандемияның қолдан жасалғанын бұған дейін де дәлелдеуге тырысқан. Бұл теория 2019 жылы өткен «Оқиға 201» пандемиялық оқу-жаттығуларға негізделген еді. Алайда, оқу-жаттығулар мен нақты пандемияның арасындағы байланыс бірнеше рет теріске шығарылды, өйткені бұл теорияға ешқандай дәлел табылған жоқ. Сонымен қатар, пандемиялық оқу-жаттығулар ұдайы өткізіліп тұрады және олар үшін түрлі вирустар, бактериялар және басқа патогендер кіретін сценарийлер дайындалады.

Фейк: «COVID-19 пандемиясы 2017 жылы жоспарланған»

Қорыта айтқанда, «The Spars Pandemic 2025-2028» құжаты бұл әлемдік қастандық теориясын дәлелдейтін нақты пандемия сценарийі емес, оқу құралы болып табылады. Бұл туралы кітаптың өзінде де, оның сипаттамасында да айтылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button