Fake News

Түрік профессоры COVID-19-ға қарсы вакцина алғандарды карантинге жабу керек деп айтпаған

Telegram-чаттарда қазақстандықтар қауіпті хабар таратуда. Пайдаланушылардың айтуынша, Түркияның Карадениз техникалық университетінің профессоры COVID-19-ға қарсы егілген адамдар басқаларға індет жұқтыруы мүмкін болғандықтан оларды карантинге жабу керек деп мәлімдеген. Бұл жалған.


Профессор Фарук Айдын КТУ медициналық микробиология кафедрасының меңгерушісі вакцина алғандарға карантин енгізу қажеттілігі туралы айтпаған. Ол Twitter-дегі парақшасында COVID-19 алдын алу аясында барлық адамдар ұстануы тиіс сақтық шаралары туралы ғана жазған.
– Вакцина алсаңыз да, алмасаңыз да, инфекция тасымалдаушы болуыңыз мүмкін. Сондықтан біз барлық сақтық шараларын толық орындауымыз керек», – делінген хабарламада.
– Вакцина алғандар аса жұқпалы екендігі туралы ақпарат жоқ. Диверсиялар алаңдаушылықтан басқа ештеңе тудырмайды, абай болыңыз – делінген оның парақшасындағы тағы бір хабарламада.
Сонымен қатар, доктор Фарук Айдын вакцинаны COVID-19 пандемиясымен күрестегі «басты қару» деп атайды және эпидемиологиялық жағдайы нашар аймақтарда қатаң карантин енгізуді жақтаған.

Демек, хабарламада келтірілген сөздер түрік профессорынікі емес. Ол вакцина алғандарға карантин қажет деп мәлімдемеген, керісінше барлығын санитарлық талаптарды сақтауға шақырған.
Бұған дейін COVID-19 қарсы вакцина алғандар өзгелерге індет жұқтыруы мүмкін және олармен байланыста болудан екпе алмаған адамдарда жағымсыз белгілер туындауы мүмкін деген фейктерді жоққа шығарған болатынбыз.

Вакцинацияланған адамдармен қарым-қатынас жасау екпе жасатпаған адамдарда бөртпелердің пайда болуына әсер етпейді

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button