COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар екпе жасатпағандар үшін қауіпті емес
Telegram мессенджерінде қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы егілген адамдар вакцина алмағандарға қауіп төндіретіні туралы жазуда. Вакцинацияланбаған балалар мен әйелдерде қан кетеді екен. Бұл фейк.
Қазнетте екпе жасатқандармен байланыста болғаннан кейін пайда болатын «белгілердің» толық тізімі кеңінен таратылуда. Қастандық теориясын жақтаушылардың айтуынша, екпе алғандармен сөйлескеннен кейін вакцина жасатпағандардың басы аурырып, қан кетуі мүмкін. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
– COVID-19-ға қарсы вакцина алған адамдармен байланыста болғаннан кейін қан кеткен жағдайлар тіркелген жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Кейбір елдердің үкіметтері вакцинацияланған адамдармен байланысудың салдарынан қорғайтын белгісіз «сарысу» сатып алады деген тұжырымға да дәлел жоқ.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз!