Fake News

Фейк: «Бразилияда балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынады және ата-ана құқығынан айырады»

Instagram-да 2024 жылы Бразилияда балаларды COVID-19 қарсы міндетті вакцинациялау туралы ақпарат тарады. Баланы егуден бас тартқаны үшін ата-аналарға айыппұл салынып, әлеуметтік жәрдемақылар мен балалар құқығынан айырады екен. Бұл жарияланым рас па? Анықтайық.

Ақпарат авторлары Gazeta Brasil мақаласына сілтеме жасайды. Онда Бразилияда COVID-19-ға қарсы вакцинация міндетті болып табылатыны жазылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл егуді Ұлттық иммундау бағдарламасының 2024 жылғы күнтізбесіне енгізді. Вакцина 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар ғана салынбайды, бұл тізім өте үлкен. Басқаларға қарағанда COVID-19 ауыр түрде өтетін әлеуметтік топтар міндетті түрде егілуге жатады. Тізімге егде жастағы адамдар, жүкті әйелдер, денсаулық сақтау саласының мамандары, мүгедектігі бар адамдар және басқалар кірді.

Міндетті вакцинация туралы Бразилиядағы көп газетр жазды. Бұл ретте The Brazilian report  COVID-19 пандемиясының қаупін жоққа шығарған, қоғамдық орындарда кейде маскасыз жүрген, өзі егілмеген және отбасының вакцина салдыруын қаламаған бұрынғы президент Жаир Болсонаруды атап өтті. Болсонару халықты коронавирустық инфекцияға қарсы міндетті вакцинациялауға да қарсы болды. Осыған орай оның әкімшілігі қалаған жандар үшін вакцинаны жеткілікті мөлшерде сатып алуға асықпады. Дәрі-дәрмектер сатып алынғаннан кейін Бразилияда егілген ересектердің пайызы АҚШ-қа қарағанда жоғары болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, пандемия басталғаннан бері Бразилия халқы 518 миллион доза алған.

2022 жылы бразилиялық Anvisa денсаулық сақтау реттеушісі балаларды ковидке қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдағаны үшін Болсонарудың әрекеттерін сынға алды. Осы антиваксерлік науқанның салдарынан 5 пен 11 жас аралығындағы балалардың көптеген ата-аналары оларға екпе салудан бас тартты. Қазіргі кезде Болсонару вакцинация жазбаларын бұрмалады деп айыпталуда, тергеу жүргізілуде.

Бразилияда міндетті вакцинация 2024 жылы басталады. Бұл рас. Бірақ одан бас тартқаны үшін ешқандай жаза қарастырылмаған. Бірде-бір газетте айыппұлдар немесе ата-аналық құқықтан айыру туралы жазылмаған. Бұл өтірік.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button