Fake News

Фейк: «Бұл шарбы бұлттар емес, химтрейлдер шашу мен 5G өзара әрекеттесуінің нәтижесі»

Telegram арналарында химтрейлдер шашу мен 5G технологиясын енгізудің нәтижесінде қалыптасқан ерекше пішінді бұлттардың видеосы жарияланды. Бұл жалған.


Ерекше пішінді бұлттар 2021 жылдың тамызында Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Шицзячжуан қаласында түсірілген. Олар шынымен шарбы бұлт түріне жатпайды, бірақ мұндай пішіндегібұлттар табиғатта кездеседі және «бұлдыр бұлттар» деп аталып, түйдек бұлттардың бір түрі болып табылады. Сондай-ақ мұндай бұлттарды «мамматустар» деп те атайды, «Mammatus clouds» ағылшын сөзінен шыққан, әдетте олар сұр-көк түсті болады.
Мұндай бұлттар өте сирек кездеседі, көбінесе тропикалық ендіктерде болады. Ал олардың қалыптасуы тропикалық циклондар мен найзағай дауылдарға байланысты. Мамматустар судан немесе мұз кристалдарынан тұрады. Олардың оғаш формасы төмендейтін суық және жоғарылайтын жылу ауа ағындарынан пайда болады. Ағындар бір уақытта қозғалады және бұлттардың астыңғы жағында ілінетін дорба тәрізді ерекше пішінді қалыптастырады.
Бұл бұлттардың пайда болуы – бұл табиғи құбылыс. Оның бұған дейін талай рет теріске шығарылған химтрейлдер мен 5G бағаналары туралы қастандық теорияларына ешқандай қатысы жоқ.
Ұшақтың инверсиялық ізі аспанда жарық жолақпен көрінеді. Оның пішіні сұр-көк түсті бұлыңғыр бұлттарға ұқсамайды.
5G технологиясы – бұл жаңа қуатты және энергияны көп қажет ететін байланыс түрі. Технология деректерді беру үшін жасалды. 5G жаппай қару емес және адам ағзасына теріс әсер ететін заттарды шығармайды. Сондай-ақ, 5G ауа райына әсер етпейді, ал электромагниттік толқындар климаттық жағдайларды өзгерте алмайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button