Fake News

Фейк: «Құрметті ғалымдар COVID-19 қарсы вакцинацияға қарсы шықты»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар COVID-19 жөніндегі үшінші халықаралық конференцияны талқылауда. Онда құрметті және беделді ғалымдар сөз сөйлеп, COVID-19 қарсы вакцинацияның зияны, аурудың қолдан жасалғаны және пандемия туралы шындықты айтқандардың кенеттен қайтыс болуы туралы айтқан. Саммитте кім сөз сөйледі және оларға сенуге бола ма? Айтып берейік.

Қазнетте таралған видеодан кем дегенде екі адамды тануға болады. Бұл COVID диссиденттері және вакцинацияға қарсы Роберт Мэлоун мен Байрам Брайдл. Доктор Роберт Мэлоун мРНҚ технологиясын әзірледім және ол өте қауіпті деп мәлімдегенімен танымал. Шын мәнінде, оның бұл әзірлемеге ешқандай қатысы жоқ және оның технологияның зияны туралы сөздері толығымен ғылымға қарсы болып шықты. Доктор Байрам Брайдл SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызының «уыттылығы» және осы вирусқа қарсы вакциналардың қауіптілігі туралы көпшілік алдында айтқан сөздерімен белгілі. Айта кету керек, Брайлдің медициналық лицензиясы жоқ және Онтарио ветеринарлық колледжінде жануарларды зерттеумен айналысады. Яғни, ол вирустар, вакциналар және олардың ықтимал уыттылығы туралы сөз қозғайтындай білікті маман.

Доктор Мэллоунның әлемде көптеген адамдар COVID-19 қарсы вакцинациялау нәтижесінде айықпас дертке шалдықты деген мәлімдемесі расталмайдын. Кейбір кезде вакциналар анафилактикалық шок немесе миокардит сияқты жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде емделеді.  Мэлоунның жағымсыз реакциялар болған адамдардың сынға ұшырайды деген сөздері де жалған. Вакциналардың жағымсыз әсерлері туралы ақпаратты ресми сайттардан оқуға болады және ондай белгілер болған адамдарды мазақ етпейді.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде COVID-19 пандемиясын тудырған SARS-CoV-2 вирусының қолдан жасалғанын айтады. Бұл қолда бар ғылыми деректерге қайшы келетін дәлелденбеген теория. 2020 жылдың наурыз айында Nature ғылыми журналында вирустың табиғи пайда болғаны туралы нақты дәлелдер келтірілген мақала шықты. Мұны ғалымдар тірі организмнен тыс жерде болуы мүмкін емес деп есептейтін мутациялар көрсетті. 2023 жылдың наурыз айында зерттеушілер пандемия басталған Ухань қаласындағы балық базардан алынған биоматериал үлгілерінен жинақталған жаңа деректерді жариялады. Талдау нәтижелері вирустың табиғи шыққаны туралы нұсқаны растады. 

Саммит барысында айтылған вакциналар мен пандемия туралы «шындықты» ашқан дәрігерлер өлтіріледі деген теориялар – конспирологиялық. Біріншіден, мұндай кісі өлтірудің бірде-бір дәлелденген жағдайы жоқ. Екіншіден, бұл теорияны алға тартқан дәрігерлер өз-өздеріне қайшы келеді, себебі олар бірнеше жылдан бері COVID-19 туралы жалған ақпарат таратып келеді және ешкім оларды сол үшін өлтіруге тырыспаған.

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған. Видеода «құрметті ғалымдар» емес, белгілі covid-диссиденттер мен конспирологтар, олар қазірдің өзінде әшкереленген және ғылымға қарсы теорияларды айтады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button