Fake News

Балқаш тасжолының бір бөлігінде түсірілген видео әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды шатастырады

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар Facebook-те жарияланған Балқашқа баратын жолдың нашарлығы туралы видеоны таратуда белсенділік танытып отыр. «ҚазАвтоЖол» ҰК хабарлауынша, бұл ролик қазақстандықтарды теріс ойға жетелейді.

Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде жолсызбен келе жатқан көліктер түсірілген видео жарияланды. Дыбысы өшірілген. «Себебі, видеоны түсіру кезінде былапыт сөздер көп айтылды» дейді видео авторы. Түсірілім Балқаш тасжолында жүргізілген, автордың пікірінше, жолдардың жамандығы «Қазақстанда туризмнің дамуына кедергі жасап отыр».

StopFake редакциясы «ҚазАвтоЖол» ҰК Қарағанды филиалына хабарласты. Қазіргі кезде жол учаскесін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тиісті жұмыстар 2019 жылы басталды. Бұл жолда көлік қозғалысын тоқтату мүмкін емес, сондықтан уақытша айналма жолдар жасалды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар осы айналма жолдарды түсіріп алған. Тасжолдың құрылысы аяқталған соң әр бағытта екі-екіден 4 жолақты жол пайда болады.

«Бұл негізгі көлік дәлізі, жолдың жұмыстар жүргізіліп жатқан бөліктерінде айналма жолдар жасалды, қазіргі кезде су өткізу құбырлары, көпірлер және т.б. салынуда. Құбыр бірыңғай кешен болғандықтан оны тұтастай тартамыз, оны жартылай тарту мүмкін емес. Бұл жерлерде айналма жолдар қарастырылған», – деп хабарлады қарағандылық филиалдың директоры Серік Айдос.

Аудиожазбаны төменде тыңдай аласыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button