Fake News

Волонтерлер ыстық тамаққа ақша жинау туралы хабарламаны жоққа шығарды

«Алматы. Еріктілер тамақ» Telegram-арнасында террористік шабуылдан зардап шеккендерге ақша жинау туралы үндеулер таратылуда. Қаражат полиция мен дәрігерлерге ыстық тамақ ұйымдастыру үшін қажет екен. Бұл фейк.


«Мен алматылықпын» қоғамдық бірлестігінің парақшасында ұйымның ешқандай ақша жинамайтыны туралы хабарлама жарияланды. 

– Мен алматылықпын» бірлестігінің атынан ақша жинау туралы хабарламаларды алаяқтар таратуда. Мұндай хабарламаларға сенбеулеріңізді және көрсетілген банк карталарына қаражат аудармауларыңызды сұраймыз, – деп жауап берді еріктілер StopFake.kz жолдаған сауалға.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button