Fake News

Фейк: «АҚШ Жоғарғы соты қауіптілігіне байланысты жалпы вакцинацияны болдырмайтын болды»

Қазнет қолданушылары АҚШ Жоғарғы соты адам денсаулығына қауіп төндіргендіктен COVID-19-ға қарсы жалпы вакцинацияны болдырмайтын болды деген ақпарат таратуда. Вакциналардың қауіпті екенін адвокат кіші Роберт Кеннеди дәлелдеген екен. Бұл жалған.

Шын мәнінде, кіші Роберт Кеннеди АҚШ-та қолданылатын иммундау препараттарының қауіпсіздігіне күмән келтіретін талап-арызды сотқа 2018 жылы берген. Ол сотта АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінен (DHHS) вакциналардың қауіпсіздігі туралы есептерді ұсынуды сұраған. Ведомство сотқа талап етілген құжаттарды бере алмады, нәтижесінде адвокат істі жеңіп шықты. Бұл министрліктің құжат айналымы стандарттарын сақтауға салғырт қарағанын дәлелдеді, бірақ вакциналардың адам денсаулығына ықтимал қаупін растамады. Сотта COVID-19 қарсы вакциналар туралы сөз болған жоқ, өйткені 2018 жылы бұл індет адамзатқа әлі белгісіз еді.
АҚШ-та СOVID-19-ға қарсы жалпы вакцинация тоқтатылған жоқ. Бүгінгі таңда Штаттарда бүкіл халықтың 32.38% егілді.
Адвокат кіші Роберт Кеннедидің пандемия кезінде қастандық теорияларын қолдап, сөз сөйлегені рас. Мысалы, COVID-19 – бұл әлемдік қастандық, ал вакциналар адамның ДНҚ өзгертуге және әлем халқының басым бөлігін жоюға арналған. Соның нәтижесінде, Instagram әлеуметтік желісі пандемия туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оның аккаунтын бұғаттады.
КВИ қарсы вакциналар адам геномына араласып, оны өзгерте алатындығы туралы хабарламалар дәлелденбеген қастандық теориясы болып табылады. Біз бұған дейін оның неге шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»

Қазақстанда COVID-19 қарсы жалпы вакцинация аясында «Спутник-V» препараты қолданылуда. Клиникалық сынақтар мен популяцияны бағалау туралы толық ақпаратты вакцинаның ресми сайтынан және рецензияланған The lancet медициналық журналынан алуға болады.
Қорыта айтқанда, АҚШ Жоғарғы соты жалпы вакцинацияны болдырмайтын болды деген хабарламалар жалған болып табылады. Жоғарғы сот мұндай қаулы шығармаған және вакциналардың адамның ДНҚ әсер ету қабілеті туралы консирологиялық теорияларды растаған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button