Fake News

Фейк: «Тәуелсіз ғалымдар вакциналардан өздігінен жиналатын микросхемалар тапты»

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде испан ғалымы Мартин Монтеверде жүргізген зерттеуді талқылауда. Ол микроскопия арқылы COVID-19 қарсы вакциналардан өздігінен жиналатын наночиптер тапқанын айтқан. Бұл өтірік.


Микроскоппен түсірілген вакцинаның суреттері көрсетілген видео осы жылдың қаңтарында Желінің испан тілді сегментінде кең таралған. Ал бізге енді ғана жеткен.
Шын мәнінде, ұсынылған фотосуреттерде графен жоқ және болуы да мүмкін емес, өйткені ол вакциналарда болмайды. Бұған ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ресми сайтында жарияланған препараттардың құрамдарымен танысып, көз жеткізуге болады.
Мамандардың айтуынша, суреттерде микроскоптың әйнегіне немесе ерітіндіге түскен кір, пластик пен талшық бөліктері көрсетілген. Мысалы, химия ғылымдарының докторы және зерттеуші Родриго Кирога Twitter-дегі аккаунтында тредін осы тақырыпқа арнаған. Ол фотодағы «графен талшықтары» әйнекке түскен мақта талшықтары, ал «микросхемалар» көмекші заттардың кристалдары деп жазды. Сондай-ақ, оның пікірінше, микроскопияда қолданылатын су ерітіндісіне шаң-тозаң бөлшектері түсіп кетуі мүмкін, ал бізге оларды графен немесе микрочиптер деп ұсынуда.
«Су ерітіндісінің компоненттерін оптикалық микроскоппен қарап анықтау мүмкін емес, өйткені бұл түпкілікті нәтиже болады! Ол үшін спектроскопия, хроматография және басқа әдістер қолданылады. Дегенмен, видеода көрсетілгеннің бәрін кез келген су үлгісінен жиі көруге болады. Сіздерге микроскоппен қарап отырып, тұз бен қантты суда ерітуді ұсынамын», – деп жазды ол. 
Сондай-ақ, Chequeado фактчекинг порталы доктор Монтеверденің зерттеуі ғылыми әлемде қабылданған бірқатар талаптарға сәйкес келмейтінін атап өтті. Мысалы, тәжірибеге арналған үшін су ерітіндісінің ластанбағанын растайтын сараптама жоқ. Вакциналардың үлгілері қайдан және қашан алынғаны, сондай-ақ олардың қандай жағдайда сақталғаны туралы да мәліметтер келтірілмеген.
Демек, тәуелсіз ғалымдар COVID-19 қарсы вакциналарда графеннің бар екенін дәлелдеді деген ақпарат – өтірік. Олардың зерттеуін ғылыми деп санауға болмайды, ал суретте көрсетілген «графен» – іс жүзінде микроскоптың әйнегіне түскен шаң-тозаң және түрлі талшықтардың бөлшектері.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button