Фейк: «Әуежайдағы фреска әлемдік қастандық теориясын растайды»
Қазнет пайдаланушылары Денвер әуежайында (АҚШ) жаңа әлемдік тәртіпті орнатуды мақсат еткен әлемдік қастандықтың растамасы табылғаны туралы жаңалықпен бөлісуде. Бұл дәлел – әртүрлі елдердің туларының түстерімен боялған медициналық маскалар таққан балалар бейнеленген фреска. Пайдаланушылар 1994 жылы әуежай салынып жатқанда суретші жоспар туралы алдын ала естімесе, маска тағу режимі мен пандемия туралы қайдан білген деп таң қалады, Шындығында, бәрі оңай. Әуежайда мұндай фреска жоқ және мүлдем болмаған.
Суретші Кристиан Джой Тринидадтың маскадағы балалардың портреті еңбегі Maskcommunication деп аталады. Ол оны осы жылдың ақпан айында салған, бұл туралы Assosiated Press-тен келген фактчекерлерге жеке өзі хабарлаған.
Сурет ешқашан Денвер әуежайында қойылған емес.
Бірақ қазіргі заманғы суретшілердің басқа еңбектері әуежайда көпшілік назарына жиі ұсынылады. Әуежайдың ресми сайтынан көрмеге шығарылған барлық суреттер, мүсіндер мен қондырғылар көрсетілген бөлім бар. Сондай-ақ ғимаратта суретші Лео Тангуманың адамзаттың геноцидке қарсы жеңісі бейнеленген төрт фрескасы бар. Қастандық теориясын жақтаушылар оларды жаңа әлемдік тәртіптің «белгілері» ретінде жиі түсіндіреді, бірақ суретшінің өзі де, әуежай шенеуніктері де бұл қауесеттерді ешқашан растамаған.