Фейк: «Lancet журналы Sars-CoV-2 вирусының зертханада жасалғанын мойындады»
Қазнетте The lancet журналының COVID-19 жөніндегі комиссия төрағасы SARS-CoV-2 коронавирусының зертханада жасалғанын мойындаған хат жариялағанын талқылауда. Бұл тұжырымды талқылап, түсіндірейік.
Джеффри Сакс – The lancet журналының COVID-19 жөніндегі комиссиясының төрағасы. Алайда, бұл комиссияны журналдың өзі немесе оның редакторлары құрмағанын айта кеткен жөн. Оны COVID-19 мәселелерімен айналысуға ниет білдірген еріктілер ұйымдастырды.
Джеффри Сакс журналдың тұрақты халықаралық кеңесшілерінің қатарына жатпайды. Сондай-ақ оның медициналық білімі жоқ және ол вирусология саласының маманы емес. Джеффри Сакс – экономист.
The Lancet журналында оның 15 еңбегі жарияланды. Олардың ешқайсысы медицина немесе вирусология туралы емес.
Оның SARS-CoV-2 туралы жарияланымы вирустың пайда болуына қатысты тағы бір егжей-тегжейлі тергеуді сұрау болып табылады.
Сакс өз мәтінінде вирустың табиғи мутация ма, әлде зертханалық эксперименттің нәтижесі ме екенін білмейтінін жазады, сондықтан ғалымдардан оны тағы да тексеруді сұрайды.
Айта кету керек, 2021 жылы ДДҰ құрған жетекші ғалымдар тобы вирустың қайдан шыққанын анықтау үшін ауқымды тергеу жүргізді. Тергеудің бір бөлігі Қытайда өтті.
Комиссияның есебі ДДҰ сайтында жарияланды және баршаға қол жетімді. Онда Sars-CoV-2 вирусы табиғи түрде пайда болғаны, оның зертханадан таралуы екіталай екені жазылған.
Ғылыми рецензияланған Nature журналында SARS-CoV-2-нің табиғи түрде пайда болғандығы туралы екі мақала жарияланды, ғалымдардың пікірінше, бұған ағзадан тыс жүруі мүмкін емес оның геномындағы мутациялар дәлел бола алады.
Қорыта айтқанда, біріншіден, Сакс вирус зертханада жасалды деп мәлімдеген жоқ, ол ғалымдардан осы теорияны растауды немесе жоққа шығаруды сұрады. Екіншіден, осы тақырыпта тергеулер жүргізілді және олардың нәтижелері бойынша патогеннің табиғи түрде пайда болғаны анықталды.