Fake News

Фейк: «Вакцина өндірушілер адамдарды чиптеп жатқандарын мойындады»

Қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакциналардың бірін жасаған Moderna компаниясы адамдарды чиптеп жатқанын мойындағаны туралы хабарламаны талқылауда. Пайдаланушылар мәлімдеме жарияланған өндірушінің ресми сайтына сүйенеді. Бірақ онда бұл туралы ештеңе айтылмаған.

Мәтіннің түпнұсқасы конспиролог Александр Дубровскийдің блогында жарияланған. Онда Moderna компаниясының ресми сайтынан кейбір дәйексөздер келтірілген, блогер оған өз идеяларын қосып, интерпретациялаған.
Блогердің жазуынша, «мРНК-1273 «препараты» вирусқа қарсы вакцина емес, шын мәнінде, жасанды биобағдарламалық вирус». Moderna интернет-платформасының басты бетінен алынған дәйексөздерден ол осындай қорытынды жасаған.
– мРНК туралы ғылымының кең әлеуетін мойындай отырып, біз компьютердегі операциялық жүйеге өте ұқсас мРНК технологиялық платформасын жасауды ұйғардық. Ол түрлі бағдарламалармен өзара алмаса алатындай етіп жобаланған. Бұл жағдайда «бағдарлама» немесе «қосымша» – бұл біздің мРНҚ препараты – ақуызды кодтайтын ерекше мРНҚ тізбегі, – делінген вакцина принциптерінің сипаттамасында.
Ғалымдар компьютермен салыстыруды препараттың қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін ғана қолданады. Сонымен қатар, сайтта жасанды биобағдарламалық вирустар туралы мүлдем айтылмайды.
Желіде «биопрограммалық вирусты» іздегенде тек конспирологиялық ресурстарға ғана сілтемелер беріледі, ал Википедиядағы биоинформатикаға арналған мақалада ғылымның бұл саласының вирустарды дамытумен айналысатындығы туралы ақпарат жоқ. Пәнді оқу саласы тек биологиялық мәселелерді шешуге арналған есептеу жүйелері мен құралдарын қолдануды қамтиды. Мысалы, генетикалық реттілікті талдау, эволюциялық биология, биологиялық әртүрлілікті бағалау және т.б.
Moderna компаниясы өндірген вакциналардағы чиптер туралы ақпарат препараттың клиникалық сынақтары туралы есептерде де жазылмаған. Сондай-ақ, сайтта сау иммундық жүйе мРНҚ-ға қауіп төндіреді және «коронавирусқа қарсы иммунитетті қалыптастырмай, құрысулар, аллергиялық реакциялар, бедеулік және басқа да жанама әсерлер» тудыруы мүмкін екендігі туралы дәйексөз жоқ. Клиникалық сынақтар туралы есеп керісінше, иммундық жүйесі күшті адамдарда вакцинацияның жағымсыз салдарының болу ықтималдығы төмен екенін дәлелдейді.
Қорыта айтқанда, чиптеуді «мойындау» туралы хабарламалар – бұл блогер-конспирологтың ойдан шығарғаны және өндірушінің ресми сайтында келтірілген фактілерді дұрыс түсіндірмеу болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button