Fake News

Дәлелсіз: «4 қарашада Жерге өзгеғаламшарлықтар қонады»

Қазнет пайдаланушылары ерекше болжамдар жасауда. Танымал Telegram чаттарда 2022 жылғы 4 қарашада Жерге өзгеғаламшарлықтар қонады екен. Бұл мүмкін бе? Анықтайық.

Алдымен, бұл болжамды қарастырған кезде Жерден тыс саналы өмір бар ма деп ойлану керек. Бүгінгі таңда ғаламда ұзақ, галактикааралық саяхаттар жасау үшін дамыған басқа өркениеттің бар-жоғы адамзат үшін белгісіз.

Күн жүйесінен тыс саналы өмірді адамдар ұзақ уақыттан бері іздеп келеді. 1959 жылдан бастап SETI бағдарламасы қолға алынды, оның мақсаты ғаламда ақылды тіршілік иелерінің бар екеніне дәлелдер табу және олармен байланыс орнату. Бұл жұмыс бірден бірнеше әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ғалымдар ғарышқа радио сигналдар жібереді, лазерлер мен телескоптарды қолданады. Сондай-ақ SETI жобасы аясында зерттеушілер ғарыштан келетін барлық радио сигналдарын бақылайды. Алайда олар жасанды болуы мүмкін. Жоба іске қосылғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін басқа планеталарда ақылды өмірдің бар екендігіне ешқандай дәлел табылған жоқ.

1974 жылы SETI жобасы аясында әйгілі Аресибо хабары ғарышқа жіберілді. Онда ғалымдар адамның ДНҚ-ны, Күн жүйесінің «мекен жайын» және Жер бетіндегі тіршіліктің негізін құрайтын кейбір химиялық формулаларды шифрлеп жазған. Хабарға жауап әлі келген жоқ.

Сондай-ақ ғарышқа ұшырылған және сол жерде орналасқан өте қуатты телескоптардың да бар екенін айта кеткен жөн. Олардың ешқайсысы ғарыштық кемелер мен галактикааралық капсулалар сияқты қолдан жасалуы мүмкін нысандарды тіркемеген.

Осы жылдың 4 қарашасында Жерге қонуы мүмкін кеменің Күн жүйесінде болуы маңызды. Егер Perseverance роверінің жылдамдығы негізінде есептесек, онда Жерден Марсқа дейінгі жолды жеті айда еңсеруге болады. 4 қарашаға дейін екі айдан артық уақыт қалды. Яғни, өзгеғаламшарлық кеме Жерге өте жақын болуы керек.

Демек, оны әуесқой телескоппен оңай көруге болады. 

Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, егер Жерге өзгеғаламшарлықтардың басқарылатын кемесі ұшып келе жатса, онда астрономия әуесқойларынан бастап беделді ғалымдар мен NASA компаниясының өкілдері де бұл туралы білетін еді.

Ал олай болмағандықтан алдағы айларда өзгеғаламшарлықтар Жерге қонады дегенге сенуге негіз жоқ.

Демек, 2022 жылғы 4 қарашада өзгеғаламшарлықтардың кемесі Жерге қонатыны туралы ақпарат дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button