Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардың салдарынан 20 млн адам қайтыс болды»

Telegram-да пайдаланушылар COVID-19 қарсы вакциналардың салдарынан әлемде 20 миллион адам қайтыс болды, егілгендердің екі миллиарды мүгедек болып қалды деген ақпарат тарады. Бұл өтірік.

Жоғарыда келтірілген статистиканың авторы – патологоанатом Роджер Ходкинсон. Ол бұған дейін де COVID-19 туралы қастандық теорияларын таратқан. Демек, тексерместен оның мәлімдемелеріне сенуге болмайды.
Доктор Ходкинсон өзі айтқан статистиканы растайтын дәлелдер немесе сілтемелер көрсетпейді. Оның үстіне, ол атаған көрсеткіштер тым үлкен. Оның айтуынша, әлемде 20 миллион егілген адам қайтыс болды. Бұл қазіргі Қазақстан халқының санынан да көп.
Мұндай өлім жағдайларын жасыру өте қиын. Ресми дереккөздерде егу салдарынан жиырма миллион адамның көз жұмғанына ешқандай дәлел жоқ. Англия мен Уэльстегі ашық мәліметтерге сәйкес, 2021 жылдың аяғында 15 адам қайтыс болды, оның себептерінің бірі вакцинаға жағымсыз реакция болды. Бұл ретте елімізде кем дегенде бір дозамен егілген адамдардың саны сол кезде 50 миллионды құрады.
Яғни, вакцинацияланған 20 миллион адам қайтыс болды дегенге сенетін болсақ, онда 2022 жылы бүкіл әлемде өлім-жітім жоғары болуы керек еді. Алайда, біз ондай жағдай байқалмайды. Керісінше, биыл өлім-жітім 2021 және 2020 жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. 
Екі миллиард адамда жанама әсерлер ауыр болып, вакцинация салдарынан мүгедек болды деген мәлімдеме де нақты фактілерге қайшы келеді. ДДҰ мәліметтері бойынша 2021 жылдың 24 қарашасында әлемде мүгедектігі әртүрлі бір миллиардқа жуық адам болған. Яғни, доктор Ходкинсонның сөзіне сенсек, ақпарат шыққаннан бері он бір айдың ішінде әлемде мүгедектер саны үш есеге өсуі керек. Бақытымызға орай, мұндай жағдай болған жоқ. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар санының күрт өсуі байқалмайды. 
Демек, доктор Ходскинсонның сөздері жалған. Ол айтқан деректер ресми статистикаға қайшы келеді және негізсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button