Фейк: «ПТР-тестілеуге арналған жиынтықтан чип табылды»
Қазнетте COVID-19 анықтауға арналған ПТР-тест жиынтықтарынан микрочиптер шыққаны туралы жаңалықтар талқылануда. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл құрылғы «биологиялық ену қабілеті бар радиоактивті өтпелі металдан» жасалған. Бұл жалған.
Хабарлама авторы ойлау мен адамның ДНҚ басқаруға қабілетті Technetium материалы жайлы айтады. Иә, Technetium (технеций) радиоактивті, бірақ ол ақыл-ойды басқара алмайды және ДНҚ-ға әсер етпейді. Оны ядролық медицинада ми, жүрек, қалқанша без, өкпе, бауыр, өт қабы, бүйрек, қаңқа сүйектерін, қанды зерттеу үшін, сондай-ақ ісіктерді диагностикалау үшін кеңінен қолданады.
Бірақ Желі пайдаланушысы «чипті тапқандығының» дәлелі ретінде жариялаған фотода заттың технециядан жасалмағандығы көрініп тұр.
Суреттегі зат – 2013 жылы Стэнфорд университетінде жасалған наноқұрылымды шыны чип. Ол бөлшектерді тездетуге арналған. Оны қауіпсіздік сканері, медициналық терапия және бейнелеу, биология және материалтану саласындағы зерттеулер үшін ықшам рентген құрылғыларын жасау үшін қолдануға болады деп жоспарланған болатын.
Ғалымдар мұндай құрылғыларды ағзаға енгізу, ақыл-ойды бақылау және ДНҚ модификациясы туралы айтпаған.
Кез келген мақсатта оны ПТР-тест жиынтықтарына қосу мағынасыз. Сонымен қатар, мұндай чипті көзбен көруге болады – ол күріш дәнінен сәл ғана кіші.
Демек, таңқаларлық посттың авторы Стэнфорд университетінің әзірлемесінің фотосын қолдана отырып, пайдаланушыларды адастырды. Суреттегі жазба да ойдан шығарылған ақпаратқа негізделген.
Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.