Fake News

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина жүректің кенет тоқтап қалуына әкеп соғады»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар Австралияда (Виктория штатында) бір жыл ішінде кенет жүрек ұстамасынан қайтыс болғандар саны 20%-ға өсті деп жазуда. Бұл COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты екен. Бұл фейк.

Шын мәнінде, Виктория штатының жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша сарапшылары ауруханадан тыс жүрек тоқтауы мен коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның арасындағы байланысты таппады. Олар өз нәтижелерін Circulation ғылыми журналында жариялады. Австралиялық зерттеушілер пандемия кезінде немесе COVID-19 қарсы міндетті вакцинациядан кейін жүректің тоқтап қалу жиілігі жоғарылағанын көрсететін фактіні анықтаған жоқ.

Бейкер жүрек және қант диабеті институтының кардиологы Лиз Парацтың командасы жастар арасында ауруханадан тыс жүрек тоқтау жағдайын зерттеді. Вакцинациядан кейін және иммундаудан кейін 30 күн ішінде анықталмаған себептерден немесе миокардиттен туындаған жағдайларға басымдық берілді.

Ғалымдар EndUCD тізілімінің деректерін негізге алды. Бұл түсініксіз жүрек талмасынан зардап шеккендер мен аман қалғандардың ақпараты мен ДНҚ үлгілері ұсынылған әлемдегі бірінші тізім. Ол 1 жастан 50 жасқа дейінгі Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльс тұрғындарының деректерін қамтиды.

Зерттеушілер үш уақыт кезеңін белгіледі. Біріншісі – пандемияға дейін, екіншісі – пандемия кезінде, бірақ вакцина әзірленгенге дейін, үшіншісі – пандемия кезінде, бірақ вакцинация болған кезде. Зерттеу барысында 2242 адам кенет болған жүрек ұстамасынан зардап шекті. Орташа айлық көрсеткіштерде ешқандай өзгеріс болған жоқ. COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін 30 күн ішінде 38 адам кенет көз жұмды. Олардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өлімнің негізгі себептерінде бұрын жарияланған мәліметтермен салыстырғанда ешқандай айырмашылық болған жоқ.

Доктор Лиз Парацтың айтуынша, вакцинациядан кейін миокардит немесе перикардит сияқты жүрек асқынулары болуы ықтимал, олардың басым бөлігі жеңіл өтеді және өлімге әкелмейді.

2016 жылдың маусым айында The New England Journal of Medicine журналында Австралия ғалымдарының зерттеуі жарияланды. Топты Сидней университетінің кардиологы профессор Крис Семсариан басқарды. Сарапшылар балалар мен жастар арасындағы кенет жүрек өлімінің 490 жағдайын талдады. Қан талдауы мен отбасылық скринингті зерттегеннен кейін жағдайлардың 27%-нда генетикалық мутация жүректің тоқтап қалуына әкелетіні анықталды.

Covid-19 қарсы вакцина салдарынан Австралияда кенет жүрек ұстамасынан қайтыс болғандардың саны артты деп айтуға негіз жоқ. Бұған нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Керісінше, барлық дәлелдер иммундау жүректің тоқтап қалуынан болатын кенет өліммен байланысты емес екенін көрсетеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button