Жаңалықтар

Фейк: «Спутник-V» ағзада вирустық жасушалар қалыптастырады»

Қазнет қолданушылары ресейлік биолог Елена Калле «Спутник-V» қарсы вакцинаның жұмыс істеу механизмі туралы айтқан видеоны талқылауда. Оның сөзінше, препарат иммундық жүйені вирустық жасушалар қалыптастыруға итермелейді. Бұл олай емес.


Елена Калле өзін молекулалық биолог деп санайды. Интернетте ол 2017 жылы бірлескен авторы болған ғылыми жұмыс бар. Онда ол оқу бітіргеннен кейін «Ресей медициналық үздіксіз білім беру академиясында» оқығанын айтады. Бұл мекемеде резидентура мен аспирантурада білім беру бағдарламалары ұсынылған, алайда молекулалық биология мамандықтар тізімінде жоқ.
Елена Калле COVID-19 қарсы вакцина туралы айтқан видео 2 ақпанда «COVID қарсы вакцина коронавирусқа қарағанда қорқынышты ма?» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысы барысында түсірілген. Дәл осы шараға бұған дейін «Қазақстан – вакцинация және жыныстық ағартушылық сынақтарына арналған полигон» деп мәлімдеген актриса Мария Шукшина және «COVID-19 жоқ, ал індет – жергілікті ошақтарда ғана тіркеледі» деп мәлімдеген Павел Воробьев қатысты.
Елена Калле өз сөзінде, нәтижесінде вакцина енгізілгеннен кейін иммундық жүйе Sars-CoV-2 вирусының ақуызын «өзіндік» деп танып, вирустық жасушалар қалыптастыра бастайтынына мысалдар мен салыстырулар келтіреді. Шындығында, керісінше болады. Екпе жасатқан соң адам жасушалары шығаратын ақуызды иммундық жүйе бөтен деп таниды, соның арқасында антиденелер қалыптасады, олар нақты вируспен кездескенде оған шабуыл жасайды және денеде көбеюге жол бермейді.
Сондай-ақ, Елена Калленің пікірінше, «Спутник-V» вакцинасы қауіпті, өйткені ол аденовирус векторына негізделген, ал аденовирустар қатерлі ісік ауруын тудырады. Бұл олай емес. Біріншіден, вакцинада тұтас аденовирус емес, тек оның векторы ғана қолданылады, ол қандай да болмасын ауру тудыруа алмайды. Екіншіден, аденовирустар суық тиюге, кейде конъюнктивит, отит немесе тонзиллиттің болуына әкеледі, бірақ қатерлі ісік тудырмайды.
Үшіншіден, аденовирустар, керісінше, кейбір онкологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылады.
Елена Калле өз сөзінде вакциналар адамның ДНҚ өзгерте алады деген бұрыннан айтылып жүрген мифке де тоқталады. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19 қарсы вакцина алған 355,16 миллион адамның ешқайсысының ДНҚ-да өзгерістер анықталған жоқ.

Фейк: «COVID-19 қарсы вакцина ДНҚ өзгертеді, ал миллиардерлер екпе жасатқан адамдарды патенттейді»

Елена Калленің сөздерін оның әріптестері дәрігерлер де, бұқаралық ақпарат құралдары да жоққа шығарды. Оның тезистері шындыққа жанаспайды және ғылыми деректерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button