Fake News
Риддер әкімдігі литрі 120 теңге тұратын газ бағасына қатысты ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде Риддер қаласында сұйытылған газдың бағасы литріне 120 теңгені құрайтыны туралы бейнеролик таратылуда. Риддер әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– 2022 жылғы 14 қаңтарда Риддерде жанармай құю бекетінде автогаздың құны литріне 120 теңгені құрайтыны туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Риддер қаласы Хлебный тұйық көшесі, 3 мекен жайы бойынша орналасқан АГҚС-да сұйытылған газ, 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша, литріне 60 теңгеден сатылуда, – деп хабарлады ведомстводан.
Бұл ақпаратты Риддер қаласы газ шаруашылығының директоры Александр Федоров та растады.